Home » Ашық сабақтар » Мейірімді қыз бен қояндар

Мейірімді қыз бен қояндар

Білім беру саласы: Кіріктірілген оқу қызметі

Ұйымдастырылған оқу қызметтің түрі: Көркем әдебиет, шығармашылық, таным, әлеумет.

Мақсаты: ертегі мазмұнымен таныстыру, қоян мен түлкіні сипаттау,

сөздік қорларын,танымдық қабілеттерін  дамыту,дәстүрден тыс беттестіру әдісі арқылы жұмыстануда қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қысқы табиғатқа саяхат жасау,жұмбақтар,өлеңдер жаттау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үлгілер, дидактикалық ойындар,слайд көрсету.

Қажетті құралдар: ақ түсті орамал, резеңке, жіп, ақ қағаз, гуаш, қоянның көзі.

Үштілділік компонент:1-один-one, 2-один-two, 3-три-three, 4-четырый-four, 5-пять-five, қыс-зима-winter.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар үш тілде амандасады.

«Шаттық» шеңбері

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын

Бәріміз аман болайық!

— Балалар тілектерін айтады.

— Сұрақтарға жауап береді.

Қыс мезгілін суреттеу.

— Жылдың  қай мезгілі?

— Қыс мезгілінде неше ай бар,атайық?

— Қысқы табиғат ерекшеліктері қандай болады?

— Күннің аяз болғанын қайдан білеміз?

— Боранды күнді ше?

— Қыс туралы қандай тақпақтар білесіздер?

  1. Қыс айлары көңілді,

Ақ қар жапты өңірді.

Үйренеміз жалықпай,

Коньки,шаңғы тебуді.

  1. Қар жамылды күллі алап,

Жүрмедік біз құр қарап.

Бір топ бала бірлесіп,

Жасап алдық сырғанақ.

Түлкі мен қоян келеді.

(Балалармен амандасады.)

Кіріспе әңгіме.

Балалар бізге ертегілер елінен түлкі мен қоян келді. Түлкі, Қоян, біздің балалар қыс мезгілі туралы айтып жатыр еді,сендермен бірге енді жұмбақтар шешсек.

Жұмбақтар

  1. Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран болып соғады,

Бұл қай кезде болады? /қыс/

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? /қар/

Қимылға қарап жұмбақ ойлап табу.

  1. Ұзын құлақ қорқады,

Секіріп жортады. /қоян/

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп салады. /аяз/

Қоян:

Балалар, менің бүгін көңіл күйім жоқ, түлкіге ренжіп келіп отыр едім, мен сендерге түлкі екеуміздің басымыздан өткен оқиғаны айтып берейін.

«Мейірімді қыз бен қоян» ертегісі.

— Балалар ертегіні тамашалайды.

Балаларға слайд көрсету арқылы логикалық тапсырмалар беріледі.

  1. Қай ертегілерде түлкі мен қоян кездеседі?
  2. Артығын тап?Неліктен?
  3. Суретші неден қателесті?
  4. Адасқан сандар

Сандарды ретімен орналастыру,тура,кері санау,орысша,ағылшынша айту.

Санамақтар

Бір дегенім-бүркіт,

Қалады аңдар үркіп.

Екі дегенім-есек,

Білмейді ол есеп.

Үш дегенім -үкі,

Ұстап жейді түлкі.

Төрт дегенім- тиін,

Есебі оның қиын.

Бес дегенім-бұлбұл,

Сайрағанда дүлдүл.

Сергіту сәті.

«Аққала» әнін қимылмен орындайды.

Шығармашылық жұмыс.

-Балалар,мейірімді қыз қоянды жақсы көреді,ол қояндарды  орамал жауып жылытқан еді,орамал тек бас киім ғана емес,одан түрлі бейнелер де жасауға болады. Мейірімді қызға орамалдан қояндар жасап берейік. (Үлгі көрсету)

— Ал,орамалды неден жасайды? -жіптен

— Балалар,жіппен киімдерді ғана тігіп қоймаймыз,одан әдемі өрнектер жасауға болады.

(дәстүрден тыс беттестіру әдісі арқылы жіппен өрнектер салып көрсету)

— Балалар үлгі бойынша жұмыстанады.(ата-аналарға  да бірге жұмыстануға болады)

Қорытынды:

Балалар,бізге ертегілер елінен қонаққа кімдер келді?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілін,санау реттілігін,тапсырмаларды орындауды.

Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыруды.

Меңгереді: шығармашылық білім саласында дәстүрден тыс әдіспен жұмыстануды.

 

 

Асемгүл Елеусінқызы Жанакова,
«№10 «Балапан» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.