Home » Ашық сабақтар » Мейірімді түлкі

Мейірімді түлкі

Мақсаты: Балаларға ертегілердің мазмұнын айту, ауызекі сөйлеулерін, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту, ертегі кейіпкерлерін танып және ажырату дағдыларын қалыптастыру, батырлыққа, бір-біріне мейірімді болуға тәрбиелеу.

«Шаттық шеңбері»

Бақыт деген

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы кел бері

Бақыт деген

Көрмей қалса сағынып

Мені іздейтін адал жүрек сендегі

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)

— Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?

— Қар ериді, күн жылынады, жаңбыр жауады

— Дұрыс айтасыңдар, балалар

— Балалар сендер ертегі тындағанды жақсы көресіңдер ме?

— Иә жақсы көреміз

— Ендеше суретке назар аударайықшы балалар, қандай ертегілер?

— «Үш аю», «Үйшік», «Бауырсақ», «Маша мен Аю»

— «Үйшік» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар балалар? Айтып беріңдерші

— Тышқан,Бақа,Түлкі,Қоян,Аю

— Өте жақсы балалар

— Қасқыр туралы, түлкі туралы тақпақ білеміз бе балалар?

Елжан:

Қасқыр орманда жортиды

Аяздан ол қорқады

Аспанға қарап ұлиды

Ауылда малды ториды

Тамилла:

Түлкі деген қу ғой

Жүрген жері ду ғой

Жатып алып жағада

Жүрген жері шу ғой

— Өте жақсы

Балалар ендеше Бауырсақ ертегісін есімізге түсірейікші

— Бауырсақ ертегісін сомдау. «Бауырсақ» ертегісі

Бауырсақ кіреді

Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы бұл біздің ертегіміздегі бауырсақ қой, бауырсақ саған не болды?

Бауырсақ: Мен қу түлкіден қашып келемін, ол мені жеймін дейді. Құтқарыңдаршы мені

Түлкі кіреді: -Саламатсыздар ма балалар! Балалар менің бауырсағымды көрдіңдер ме? Ооой міне екен ғой менің бауырсағым. Маған бауырсағымды беріңдер.

— Тәрбиеші: Жоқ,жоқ түлкі сен бауырсақты жеме, біз одан да саған өз қолымызбен бауырсақ жасап берейік. Шығармашылық орталыққа барып, бауырсақ жасап берейікші балалар. Ол үшін балалар біздер қатпарлы қамырды аламыз. Алақанымыздың ортасына салып, сағат тілімен домалақтау арқылы бауырсақ жасаймыз. (өлең керек)

-Бауырсақты жасап пешке саламыз, балалар бауырсағымыз пісіп дайын болғанша бойымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Балалар біздің бауырсағымызда дайын болған сияқты. Қараңдаршы, қандай дәмді бауырсақ пісіпті. Бұл бауырсақты біз түлкіге сыйға берейік.

— Түлкі: Рахмет балалар мен өзімді қу түлкі емес, мейірімді түлкі деп сезініп тұрмын. Жасап берген бауырсақтарыңызға рахмет. Сіздерге арнап алып келген сыйлығым бар, қазір апайларың сендерге табыстап береді. (қоштасып шығып кетеді)

-Т әрбиеші: Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

Біздерге ертегі елінен кім келді? (түлкі)

— Өте жақсы балалар.

— Келген қонақтарымызбен қоштасайық балалар.

Сау болыңыздар!

 

 

Райгүл Салауатқызы Бахашева,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№36 «Балақай» бөбекжайының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.