Home » Сценарийлер » Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.

Міндеті: жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімдердің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Түрі: Психологиялық тренинг сағаты

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру, опликация, ой бөлісу және пікір алмасу.

Көрнекілігі: маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, жүрекше, қобдиша, А4

Тренинг ережесі:

  1. Белсенділікті арттыру
  2. Бірігіп жұмыс істеу
  3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
  4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
  5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
  6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
  7. Өзімді еркін ұстауға үйрену

Жүргізуші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Амандасу» —қол шапалақтау

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.

Жүргізуші талдау:

— жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?

— сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

— Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан» күткен  құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингімізді бастаймын.

Топқа бөлу

Жаз — жүрегі нәзік,сұлулықты жаны сүйеді, дос болуға таптырмайтын адамдар

Көктем — өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой, адамдар.

Күз — ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайтын жандар.

Қыс — энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортағаға үйренісуі қиын адамдар

  1. Негізгі бөлім

«Моншақ» жаттығуы: ( 4 топқа да, алдын ала  стол үстіне 4 ине мен жіп беріледі)

Жүргізуші сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып, жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса мына ине-жіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады.     

Жүргізуші талдауы:  Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге  мен де, сіздер де сенімдісіздер. Бір-бірімізге қол соғып қоялық. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.

«Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан 4 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.

Жүргізуші сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.

1-тапсырма: ақ қағазға  салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

Мұғалімдер ойы:………………………………………..

Жүргізуші талдауы: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге  келгенде ақ қағаздай, сол қағазға  ата-анасы мен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен  салыстыруға болады.

2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы  қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдауы: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.

3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдауы:  Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсететінімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік. Сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі. Бұл тапсырманы 4 топта орындау қажет.

4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы, тек жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдауы:  Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді.  Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме?  Керемет, жарайсыздар!

«Опликация» жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.

Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға болады.

Енді 1 топқа – қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ  Қалампыр гүлін жасайды және оны өзі қорғап, әділқазылардың біріне сыйлайды)

2-топқа – көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелеп, оны қорғап , өзі қалған әділқазыға ұсынады)

3 топқа- көк,сары түсі келді (бұл топ Теңізе жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелеп, қорғап,қалаған адамына ұсынады)

Топ басылары өз ойларын жеткізеді

Жүргізуші сөзі:

1-топқа, рахмет сізге. Гүліңізді кімге сыйлар едіңіз?

Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты құлпырып өсе берсін деп тілеймін!

2-топқа. Керемет! Сіз кімге сыйлайсыз?  Сіздің шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді,дінімізді құрметтей отырп, еліміздің туын биікке көтеруіне шын жүректен тілектеспін!

3-топқа. Жарайсыз,тамаша! Ал сіз кімге ұсынар едіңіз? «білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз,сіздің берген біміңіздің арқасында,осы кемедей еш кедергісіз асулардан тосқауылсыз өтп теңіздің шетіне, яғни білімнң шыңына қиындықсыз жетсін дегн ақ тілегімді білдіремін!

Рефлексия: «Ашығын айтсам»

  1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?
  2. тренингтен қандай әсер алдыңыз?
  3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?

            Жүргізуші сөзі: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады… Ә.Науай.

Осы шеңбер бойынша тұрып, алақан суреттерін үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту.

            «Аялы алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге аашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі -қайырымды ісі, екіншісі — жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды, мейірімді болайық. Тренингімізді мына сөзбен қорытындылағанды жөн көрдім: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек…

БАРЫСОВ ЖАСҰЛАН ЖЕТПІСБАЙҰЛЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.