Home » Ашық сабақтар » Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мақсаты: Мұғалімдердің  педагогиканың  ұйытқысы  ретінде  нәтижеге

бағытталған   білім  беру  іскерліктерін  дамыту  және  мұғалімнің   өз кәсібіне  деген  ынтасын  арттыру.   Педагогтердің өмір туралы көзқарасын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау. Өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.     

Түрі: Психологиялық  тренинг  сағаты

Әдісі: Топтық  жұмыс,  сұрақ-жауап,  ой бөлісу және  пікір алмасу.

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,  моншақ, қобдиша.

Жоспары :

  1. «Амандасу» шаттық шеңбері
  2. «Сиқырлы кобдиша» жаттығуы
  3. Топқа бөлу
  4. «Суреттегі ой» жаттығуы
  5. Сергіту сәті
  6. «Моншақ» жаттығуы
  7. «Жеміс-жидек» ойыны
  8. «Жүректен-жүрекке» тілек айту
  9. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

 

  Жүргізуші сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

Көңіл – күйлеріңіз қалай? Шаршап отырған жоқсыздар ма?

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1.«Амандасу» шаттық шеңбер

  1. «Сиқырлы қобдиша»  жаттығуы:  Қобдишаны бір-біріңіздің қолдарыңызға кезектесіп бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.

Талдау:

— Сіздер ол бейнеге қарағанда, ол сізге қалай қарады ?

— Қобдишаның ішінен қандай құпия күттіңіз?

 

—  Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына керемет  ғажап жандар екен. Ендеше, сіздердің  «Сиқырлы қобдишадан» күткен  құпия  сырларыңыз сияқты,  мен  сіздермен  құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингімізді бастаймын.

 3.Топқа бөлу

Жаз — жүрегі нәзік, сұлулықты жаны сүйеді, дос болуға таптырмайтын адамдар

Көктем — өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой, адамдар.

Күз — ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайтын жандар.

Қыс — энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортағаға үйренісуі қиын адамдар

  1. «Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан 4 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі. Экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын айтып,  ой  бөліседі. 

1-тапсырма: Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан сурет

Мұғалімдер ойы:………………………………………..

Жүргізуші талдау: Ақ  кеңістік  ортасындағы қара нүкте   алғаш  дүниеге келгенде  баланы білдіреді. Сол қағазға ата-анасымен біздердің мейірімділікпен   салған бейнеміз  қаншалықты  дұрыс  болса, нәтиже

соншалықты  жақсы  болады.

2-тапсырма: Күн шуағының астында әр ұлт  балалары  ту  ұстап тұрған сюжет  бейнеленген сурет.

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдау: Ұлттары әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.

3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсететінімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік. Сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі. Бұл тапсырманы 4 топта орындау қажет.

4-тапсырма: Жымыңдаған  жұлдызды  түнгі  аспан,  жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген  сурет  ұсынылады.

Мұғалімдер ойы: ………………………………………..

Жүргізуші талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!

  1. «Сергіту сәті»

    Бір-біріміздің арқамызға сурет саламыз, күннің суретін саламыз, күнді бұлт басады. Жаңбыр жауа бастайды, жаңбыр қаттырақ жауа бастайды. Жел шықта, нөсерлеп жаңбыр жауа бастады.

  1. Негізгі бөлім

6.«Моншақ» жаттығуы: ( 4 топқа да, алдын ала стол үстіне 4 ине мен жіп беріледі)

Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып, жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса мына ине-жіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады.

Жүргізуші талдау: Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер. Бір-бірімізге қол соғып қоялық. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.

7.»Жеміс -жидек» ойыны

Мақсаты: Мұғалімдердің зейінін анықтау.

1.Алма                       2.Өрік                       3. Банан — деп үшке бөлінеді.

  Банан деген де бананадар орнынан тұрып орын ауыстырады. Өрік десе өріктер орын ауыстырады.

 Жүргізуші сөзі: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады… Ә.Науай.

  1. «Жүректен-жүрекке» тілек айту

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі -қайырымды ісі, екіншісі — жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды, мейірімді болайық. Тренингімізді мына сөзбен қорытындылағанды жөн көрдім:

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек…

 

Серикова Жанара Курмановна

Алматы облысы Қарасай ауданы

 Қырғауылды ауылы «Ақ көрешін» балабақшасы

Психолог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.