Home » Балабақша » Мейірімге толы онкүндік

Мейірімге толы онкүндік

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бастамасымен 2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі болып жарияланды. Аталған онкүндікке Тараз қаласындағы Ә.М. Құлтаева басшылық етіп отырған №6 «Арнаулы логопедтік» балабақшасының педагогтары мен тәрбиеленушілері жұмылдырылып, белсене атсалысты.

Әр адам үшін өз тәні мен жан саулығының қамын ойлау өте маңызды. Жан туралы ойлау қаншалықты қажетті екендігіне балаларды біз сәби шағынан иландыруымыз керек деп есептейді Сара Алпысқызы Назарбаева. Өзін-өзі тану – өз-өзіңді түсінуге, өз ішкі дүниеңді ашуға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес және сонымен қатар, ажырамас бөлшегі болуға, жалпы адами құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндік беретін бірегей пән. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне, өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша мектепке дейінгі тәрбие беру үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәні пайда болды.

Жоғарыда аталған онкүндіктің мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға тәрбиелеуге негізделіп, өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, оларды өткізуге жауапты мамандар бекітілді.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылу салтанатында ересектер тобы балаларымен «достық» флэш-мобы ұйымдастырылып, соңында жүрекшелер мен сый таратылды. Сондай-ақ балаларға «Өзін-өзі тану» онкүндігінің рухани-адамгершілік құндылықтар мен тұлғалық сапалар жақсартуда, адамгершілік, адамзатты сүю және қайырымдылық рухында тәрбиелеу мақсатында маңызы зор екені атап өтілді. Ақпанның 2-сінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері, қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптың авторы, «Алтын жүрек», «Алтын жүзік» және т.б. халықаралық жүлделер мен марапаттардың иегері С.А. Назарбаева жайлы мәлімет берілді.
Ақпанның 3-і күні ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының – суреттер көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге белсене атсалысқан балаларға сый берілді. «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге отбасынан», «Кәусар бұлақ — тұнығынан», «Қызыққа толы бұл әлем», атты тақырыптарда «Өзін-өзі тану» бойынша оқу іс-әрекеттері ересек топтарда өткізілсе, ортаңғы топ балалары мен педагогтары ертегі қойылымдарын сахналады. Балабақшаның жас мамандарымен «Мектепке дейінгі тәрбие үрдісінде өзін-өзі тану қажет пе?» атты тақырыпта дебат өткізілді. Сондай-ақ онкүндікте ата-аналарды қамту барысында таңертеңгі қабылдау кезінде «Мейірімді жүректер» атты акция барысында жүрекшелер таратылды. Онкүндіктің жабылуында ересектер тобы балаларымен «Ән — көңілдің ажары» атты музыкалық концерт ұйымдастырылды.

«Махаббат пен әділдік сезімі кімде көбірек болса, сол кісі – ғалым, сол – кісі дана» — деп Абай Құнанбаев айтқандай, балаларға деген махаббат, әрбір баланың бірегейлілігін мойындау, сабырлылық, «адал ақыл» және «ақылды жүрек» — балабақша педагогінің ең басты сапалары.

 

Күнғабылова М.Ж.,
№6 «Арнаулы логопедтік»балабақшасының психологы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.