Home » Поэзия » Мезгіл аусар

Мезгіл аусар

Көктем мен қыс кездесіп амандасты,

Аз кідірді, сөйлесіп жөн сұрасты.

Асығып, неге ерте келдің сен? -деп,

Қаһарланып қыс болса сөзге басты.

 

Дәл менің аппақ таңым бүгін атты,

Содан соң елге қарай бұрдым атты.

Ашуға ерік бермей, қамдансаңшы,

Күтумен қалың елім күн санапты!

 

Көп күтпей-ақ, боран келіп борады,

Айналаны ақ мамыққа орады.

Асыққан жел аязбен жетектесіп,

Қолын бұлғап, қош айтысып барады.

 

Көңілсіз қыс бәрімен қоштасады,

Сүйіп бәрін бауырына басады.

Кетер сәтте ақ ұлпаны аямай,

Әрбір жерге қайта — қайта шашады.

 

Кездескенде қуанып-ақ жатасың,

Сарығайған сағынышты басасың.

Ал кетерде қимастықты сезініп,

Көңілсіздік, мұңға дереу батасың.

 

Бүгін міне, көктем сондай көңілді!

Нұрлы жүзден мейірімділік төгілді.

Табиғатта қуаныштан құлпырып,

Әп –сәтте –ақ, көктем күні сезілді.

 

Құстың әңгімесі

Қанатты құс, қанатты құс, қандайсың

Биіктерге қанат қағып самғайсың

Бар әлемнің қызығына куә боп,

Ұшасың сен, жер мен көкті шарлайсың.

 

Араладым жер мен көктің арасын,

Ну орман мен теңіз, мұхит жағасын.

Биік таудың шығып талай шыңына,

Кезіп талай көрдім жердің сарасын!

 

Бірде көрдім, ақ әженің көз жасын,

Шын қуандым, қуаныштан болғасын.

Әжелерім жақсылыққа куә бол,

Ал жақсылық оты мәңгі маздасын.

 

Бірде көрдім, өтіріктің жеңгенін,

Ақиқаттың шамын солып сөнгенін.

Аққа жағып қасақана қараны,

Әп-сәтте – ақ қиын күннің төнгенін.

 

Бірде көрдім, сағынышын ананың,

Жолға қарап жаутаңдаған жанарын.

Балапаным, менің қашан келер? –деп,

Әрбір күнін саусағымен санауын.

 

Бірде көрдім, қарияның қайғысын,

Іші толы өкінішпен қайғы мұң.

Қартайғанда тентіретіп жіберген,

Баласына қалай айтар қарғысын.

 

Бірде көрдім, үйленгенін жастардың,

Отау құрып алға аяқ басқанын.

Жұптарыңыз ешқашанда жазылмай,

Бірге өтсін жас пен қарттық шақтарың.

 

Бірде көрдім білім қуған баланы,

Оқу оқып, алға қарай барады.

Білімді жан білімінің күшімен,

Өмірде орнын өзі іздеп табады.

 

Жаманшылық ешкімде де болмасын,

Жақсы келіп жақсылықпен жалғасын.

Тіршіліктің ауыр екен жүгі де,

Қуаныштың қанаты еш талмасын.

 

Ұшып жүріп көргендерім көп менің,

Ал сырымды сендерге мен шертемін.

Жарқысылығым бәрің өзің жарылқа,

Қызығымен болсын атар ертеңім!

 

Барыңды сен бүгін байқап бағала,

Әр ісіңді мақтан етіп санама.

Дос пен туыс жақыныңмен бірге бол,

Қадірін біл, құрметте де аяла!

 

Құс пен ағаштың әңгімесі

Қалықтап ұшып аспанда,

Құстар жүр ұзақ айналып.

Кетуге жақын қалғанда,

Өлкені қимай ойланып.

 

Күз келер жақын арада,

Өлкеден ұшып кетем деп.

Көктемге жақын қалғанда,

Хабаршың болып келем деп.

 

Ағашқа келіп отырып,

Мұң – шерін оған айтады.

Ағашта құсқа ашылып,

Бар сырын айта бастады.

 

Көрікті күзде қамыға,

Жапырағыммен қоштастым.

Қаһарлы қыста тарыға,

Аяз, қарымен достастым.

 

Жапырағымды қойныма,

Қысып, еріксіз қош деймін,

Ұшырсам дағы далама,

Көз жасты көл қып төкпеймін.

 

Осылай, сен де қамықпа,

Қыс деген дереу өтеді.

Көктемде кел де қалықта,

Көк аспан сені күтеді.

 

Той тарқап бүгін жатқанда,

Сарқыттан алып кетейін.

Көктемнің таңы атқанда,

Әндетіп елге жетейін!

 Жұлдызай Жанерке

Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.