Home » Мақалалар » МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕҢГЕРУЛЕРІ ТИІС

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕҢГЕРУЛЕРІ ТИІС

«Мәңгілік  Ел: бір ел — бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Медицина саласы қызметкерлері міндетті түрде ағылшын тілін меңгерулері керек», — деген болатын.

Медицина қызметкерлері үшін ағылшын тілін меңгеру қазақстандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып табылатыны мәлім. Ағылшын тілі медициналық туризмді дамыту, халықаралық ғылыми кеңестікке бірігу, дүниежүзілік медициналық университеттері және клиникаларымен ынтымақтастық, заманауи технологиялар мен жабдықтарды жеткізу және т.б. үшін қажет.

Ағылшын тілі – Үнді еуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі. Ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі ҰлыбританияАмерика Құрама ШтаттарыЖаңа ЗеландияАустралия және басқа елдерде ана тіліболып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШАустралияЖаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Ағылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғасырда құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

Шет тілдердің арасында ағылшын тілі баяғыда-ақ алғашқы орынды иеленді. Бұл әлемдік тілде миллиондаған адамдар сөйлейді. Ағылшын тілі қазірде кез келген салада қолданылады. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру жүйесі, интернет, кинемотограф. Қазір жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылады. Жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз, қазірден бастап ағылшын тілін үйреніңіз. Ми жаттығуы. Шет тілін игеру — миға деген керемет жаттығу. Ақпарат ғасырында адамға жақсы ес, жаңа ойлар қажет. Ол үшін мидың жақсы жұмысы артық болмайды. Аудармасыз-ақ шет ел киноларын қарау. Кабельді телеканалдардан көптеген елдердің бағдарламаларын, киноларын ағылшынша көре аласыздар. Тек өз еліңіздің ақпаратымен ғана емес, әлемдік жаңалықтардан, мәдениеттен хабардар боласыз. Аудармасыз фильм қарау арқылы оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала аласыз. Шет ел музыкасын тыңдау. Сөзсіз ағылшын тіліндегі классикалық та, заманауи туындылар да әлемдік танымалдыққа ие. Шет елде демалыста жергілікті тұрғындармен тілдесе алу. Шет елдің қайсысына барсаңыз да, ағылшын тілі қолданыста болады. Адамдарды түсініп, сол елдің тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал демалысыңыздан көбірек әсер ала аласыз. Таныс емес жерден жоғалмай, керек жерді таба аласыз. Ағылшын тілдегі әдебиет оқу. Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз. Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде оқығанға не жетсін? Сіздің мамандығыңыз бойынша әдебиет тек ағылшынша шығып, орысша, қазақшаға аударылғанша бір-екі жыл өтеді делік. Өз салаңыздағы жаңалықтардан қалмай, онымен уақытылы танысып отыру үшін сізге бар керегі — ағылшын тілін білу. Арнайы бір салаға маманданған сайттар да көбінде ағылшынша. Демек ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты ала аласыз. Ортаңыздың өсуі. Ағылшын тілді форумдар мен сайттарда жүріп, талай жаңа адамдармен танысуға болады. Олармен ағылшынша тілдесіп, өз біліміңіз бен тіл ерекшеліктерін жақсарта аласыздар. Жаңа қызығушылық табу. Әр адамның өзіне тән қызығушылықтары бар. Ол өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдатады. Сіз үшін бұл хобби — тіл үйрену болсын.  Қосымша табыс көзі. Ағылшын тілін жақсы игерсеңіз, тек өз жұмысыңызда ғана сәттілікке жетіп қоймай, басқа да табыс көздерін таба аласыз. Мысалға реферат, диплом жұмыстары, арнайы әдебиетті аудару жақсы табыс әкеле алады. Қосымша мүмкіндіктер. Шет тілін білу сізге қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін.

Медицинаға, ветеринарияға, биологияға, биохимияға және т.б. ғылымдар саласына ортақ терминдер көп. Өкініштісі соларды әр саланың ғалымдары әртүрлі аударып қолдана береді. Мысалы: клетка, торша, жасуша немесе  ткань, тін, тоқыма және т.с.с.

Дүниежүзінде тілдік айналымда жүрген бірнеше жүз мыңдаған медицинаға қатысты терминдер бар. Медицинамен шектесіп жатқан білім салаларының терминдерін есепке алмағанның өзінде тек медицинаның ғана сөздік қорында қанша сөз бар екенін дөп басып айту өте қиын.

Соңғы ғылыми жаңалықтармен байланысты терминдердің қосылуы өте қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын медициналық лексикамызға жүздеген жаңа атаулар қосылады. Олардың ішінде өзге тілдерден, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздер көп. Дүниежүзінде басылып шығатын медициналық ғылыми еңбектердің 60%-дан астамы ағылшын тілінде жазылады.

Стедманның ағылшынша көлемді медициналық сөздігі 90 000-ға жуық жетекші (түбірлік) терминдерді қамтыған.

М.Н. Чернявскийдің деректеріне қарағанда неміс тіліндегі медициналық сөздікте 250 000-ға жуық жетекші термин бар екен, ал французша медициналық сөздіктегі терминдер саны 200 000. Қазіргі кездегі орысша әдеби тілдің 17 томдық сөздігінде 120 000 сөз бар екен.

«Энциклопедический словарь медицинских терминов» (1982-1984ж) 60 000-ға жуық терминді қамтыған. 1975 жылы шыққан Русско-английский медицинский словарь 50 000-ға жуық термин берген, ал кейінірек 2001 жылы шыққан «Большой русско-английский медицинский словарь» 70 000-ға жуық терминді қамтыған.

Осы мақаланың авторы құрастырған орысша – қазақша – ағылшынша медициналық терминдер сөздігі 40 мың ғана жиі кездесетін терминдерді қамтыған. Әрине, бұл – аз. Келешекте толықтырып, таралымын көбейтіп мамандарды қамтамасыз ету қажет.

Кез келген салалық сөздіктер өзіне тән терминдерінің саны жағынан да, кәсіби лексикасының ұғымдық саналуандығы жағынан да медициналық сөздікпен теңесе алмайды деуге болады. Себебі медицинаның салалары өте көп және әр саланың өзіне тән терминдері бар. Мысалы, адам организмінің қалыпты жағдайдағы морфологиялық құрылымдарына, ондағы процестерге және аурудың даму сатыларына, ауырлық дәрежесіне байланысты атаулар; атаулардың белгілеріне (симптомдар, синдромдар); аурулардың қоздырғыштары мен ауру тасымалдаушыларына қатысты атаулар; қоршаған ортаның адам организміне жағымды немесе зиянды әсер ететін факторларына қатысты атаулар; гигиеналық, санитариялық-эпидемиологиялық атаулар; терапиялық атаулардың диагностикасына, профилактикасына, емдеу әдістеріне қатысты атаулар; хирургиялық операцияларға қатысты атаулар; медициналық аппараттардың, құралдардың және басқа да техникалық құрылғылар мен жабдықтардың, медициналық арнайы жиһаздардың атаулары; дәрілік заттар, қосылыстар, олардың фармакологиялық әсеріне қатысты сөздер; дәрілік өсімдіктердің атаулары, тағысын тағылар.

Бір ғана анатомиялық және гистологиялық атаулар тізімінде 10 000-нан астам термин бар. Ағзалардың тек қана функциясын сипаттайтын сөздер саны 20 000-нан артық.  Зерттеу әдістеріне, емдеу әрекеттеріне қатысты 40 000-ға жуық сөз бар. Тек ауру атаулары 10 300-ге жуық. Қойылатын диагноздардың түрі – 30 000. Симптомдардың бірнеше он мыңдаған атаулары бар. Бір ғана онкологиялық терминдер саны қазіргі кезде 35 000-ға жетті.

Сондай-ақ, терминдік қызмет атқаратын сан алуан ғылыми ұғымдар бар. Мысалы, процесс – үдеріс, тенденция – үрдіс, явление – құбылыс, вещь – зат, вещество – заттек, свойство – қасиет, качество – сапа, сущность – мән, т.б.

Ғылыми ұғымдық терминнің лексикалық мағынасы оның дефинициясымен, яғни  энциклопедиялық және түсіндірмелік анықтамасымен сәйкес келеді.

Терминдер көп жағдайда зат есім түрінде болады немесе жетекші сөзі зат есім болып келетін сөз тіркесінен тұрады. Етістік сөздер де термин бола алады, себебі белгілі бір ғылым саласына тән процестерді бейнелейді, мысалы, пальпация – пальпировать – пальпациялау, протезировать – протездеу және т.б.

Ғылыми терминдер эволюциялық жолмен дамып, тіпті мазмұндық жағынан түбегейлі өзгеріп кетуі де мүмкін, бірақ негізінен өміршең келеді.

Көптеген оқу құралдарынан  ревматический, анафилактический, апластический және т.б. осылар сияқты анықтауыш терминдер ревматикалық, анафилактикалық, апластикалық деп аударылғанын көріп жүрміз. Бұл терминдердің түбірі ревматизм, анафилаксия, аплазия болғандықтан, қосымшалар осы түбірлерге төте жалғанып, ревматизмдік, анафилаксиялық, аплазиялық болып жазылуы керек.

Өзге тілдерден аударылған материалдарды оқу барысында қабылдаушыға тілдік-стильдік кедергілер кездеспеуі қажет, демек қабылдаушының ұлттық ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

Әлемдегі негізгі ақпараттарға қолы жетпеген ұлт бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сондықтан да медицина саласы мен мемлекеттік қызметтегі азаматтар ағылшын тілін тезірек игеруі қажет. Медицинадағы табыстар мен жетістіктердің барлығы ағылшын тілінде шығып жатыр, соны білмесе ол дәрігер адамды қалай емдейді. Қазақстанның білім беру саласында осы мәселе ескерілуі тиіс», — деді Елбасымыз Н.Назарбаев.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 1 – том.
  2. М. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша-қазақша-ағылшынша. – Алматы: «Дейк-Пресс» баспасы, 2009.
  3. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. – Алматы: «Рауан», 1995.
  4. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. – Алматы: «Ана тілі», 1994.
  5. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған – Алматы: «Қайнар», 2002.
  6. Жөкебайқызы З., Сейсенбекқызы С.Тәнтану. Адам және оның денсаулығы – Алматы: «Рауан», 1992.
  7. Құрманбаева Ш., Болатов С. Қазақ тілі. Денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2010.
  8. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Медицина. – Алматы: «Рауан», 2000.
  9. Момынов Т., Рақышев А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). Алматы, 1999.
  10. Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі – Қарағанды: ЖК «АҚНҰР» баспасы,  2013.
  11. ФранкВ. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік сөздік. Алматы, 2000.
  12. Тело человека. Энциклопедия. Москва «Махаон» 2011.
  13. Какжанова Ф. А. Ағылшын тілінің практикалық курсы. І – бөлім. Қарағанды, 2009ж.

 

Назарова Шолпан Айтубаровна,
Түркістан жоғары медицина колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.