Home » Поэзия » Медеу Пұсырманұлына арнау

Медеу Пұсырманұлына арнау

Медеу аға, қайраткерсің, ұлысың,

Өзіңде бір жалғыз Алла құлысың,

Қазағымның асқар биік шыңының,

Қайталанбас жап- жарық бір нұрысың.

 

Жамбыл дейтін бір ауданның түлегі,

Шапырашты тайпасынан түледі.

Есқожадай руларының бірінен,

Жарық жұлдыз ұлы жүздің бірі еді.

 

Үлесің көп қосқан мынау халқыңа,

Қазағыңның есіңде сан жарқылда,

Мұсылмандық парызыңа берік боп,

Өттің мәңгі құдайдың пәк жолында.

 

Бау –бақшаны, бағбандықты дамытқан,

Алматыма әсемдікті дарытқан.

Еңбегіңіз ерек бізге әрқашан,

Халқың сізді, мәңгілікке пір тұтқан.

 

Тянь-Шань тауы шыршасымен көрікті,

Әсем бақты Медеуде кім көріпті?

Ағаш-ұлым, қыздарым мен келінім,

Деп тер төгіп, елі үшін егіпті.

 

Пайдаңыз зор ұлан-байтақ жеріме,

Айдын көлге, орманды тау беліме.

Ұмытпаңдар, ерен ердің еңбегін,

Тыңда ,халқым, бағалай біл ерінбе.

 

Атағыңыз қалмас мәңгі елеусіз

Мақтанамыз өзіңізбен мына біз

Еркінсейміз, дүрілдейміз сізбенен

Қазақтағы ғұламалар бірісіз

 

Сізге арнап өлең жаздым шабытпен,

Атағыңыз Эвересттей шыңға тең

Жүрегіңіз даласындай қазақтың

Шектеуі жоқ дархандығы әрі кең

 

Тілегім бір, ұлы жолды дәріптеу

Ұмытпастай, есте сақтау, еліктеу,

Халқы үшін терін төккен тұлғаны

Біздің міндет – шексіздікпен құрметтеу!!!

 

Адилбеков Айбар,
Медеу ауданы№33 мектеп-лицейінің
9 «В» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.