Home » Бастауыш » Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің 4 «А» бастауыш сыныбының шығармашылығы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің 4 «А» бастауыш сыныбының шығармашылығы

                                                         Бақытты балалық шақ

Әр баланың балалық шағы болады. Менің де бақытты балалық шағым жалғасып, бейбіт өмірде, көтеріңкі көңілде өтіп жатыр. Балалық шақтың куәсі болатындай қызықты оқиғалардың бәрі есімде. Ата-анама мен әлі баламын, өйткені мені  еркелетеді, ойнатады, қуантады. Ал әжем болса, мені арқасына отырғызып балабақшаға апаратын. Әкем сайқымазақ болып, анам аяз ата, қуыршақ болып менімен ойнайтын. Балдай тәтті күндерім осылай жалғасуда .Өйткені, мен — бақыттымын.

Әжемнің айтқан сөздері, ақыл-кеңесі мәңгі жадымда сақталады. Өйткені, әжем өткен өмірінен сыр шертетін,  әрине, соғыс кезі туралы әңгімелейтін. Қиналған сәттерін көз алдына елестетіп айтатын болса керек , көз жанарынан аққан жасын маған көрсетпей сүртіп тастайтын.

«Ертегі айтып ұйықтатып, жан-тәнімен бар мейірімін төгіп шуақты сәуле сыйлайтын алтын әжем менің» деп есіме аламын. Осы өлең жолдары еріксіз ойға орала береді.

Көз жасын сығып оқыстан,

Күрсінеді кейде әжем.

Соғыс қайтып келмесін,

Балапаным дейді әжем.

 

Құлыным деп құшақтап,

Шашымды сыйпап, сүйді әжем.

Жеңіс күні жасасын!

Бақыттысың дейді әжем!

                                                                                        Түгелбай   Рузанна

                                             

                                              Бейбітшілік болсын мәңгі

Аналардың тілегінде –Бейбітшілік,

Бөбектердің жүрегінде-Бейбітшілік,

Балдырғанның бал тілінде-Бейбітшілік,

Шуағыңды төк күнде, Бейбітшілік,

Көгершін бөп қалықта, Бейбітшілік!

Осы өлең жолдары еріксіз ойыма келіп, қолыма қалам алып өзіндік ой өрнегімді жазуға кірістім. Бізге еркіндік үлкен ерліктің арқасында келді. Ата–бабаларымыз Отан үшін отқа түсті, жауды жеңді. Көптеген қиындықты бастан кешірді. «Отан оттан да ыстық» деген ұранмен алға ұмтылды, тұтқиылдан келген жауды жеңді. Бірақ қатты жараланды, аяқ-қолдарынан айырылып жараланды. Аман-сау қалғандары елге оралды, қаншама жауынгер қыршын кетті. Ауылда әйелдер жесір, балалар жетім қалды. Ауылда қалған аналарымыз тылда еңбек етті.

Міне, биыл Жеңістің 72 жылының қарсаңында мектебімізде игі шаралар өтіп, патриоттық әндер айтылып, соғыс кезін сомдаған көріністер қойылып жатыр. Біздің бір ғана тілегіміз енді соғыс болмаса екен,тек бейбітшілік өміріміз жалғассын деймін!

                                                                                                       Жалғас Ақкүміс

 

                                                                    Егемен  елімізде

Жеңіс күн жүрегімде

Алаулап күн тұрады.

 Тыныштық әлемінде

    Туған жер құлпырады.

Іргесі мықты болса,

  Үйлер де құламайды.

    Бейбіт күн, ашық аспан

      Ешкімде жыламайды.

  Туған жер көркейе бер,

  Түрленіп бақша бағы.

Егемен елімізде

    Бәрі де жақсарады!!!

                                                           Наурызбаева Еңілік

 

                                                           Қош бол, бала қоңырау!

Мектебім-ау, мектебім,

Сенде өстім көктедім.

    Арманым көп менің де

    Мен есейіп жеткен күн.

 

  Ұстаз деген бүгін де

 Ол — екінші анамыз.

        Білім берген бастауыш

         Біз қоштасып барамыз.

 

         Қош бол, бала қоңырау,

          Айтып жүрем ән қылып.

       Мектеп  кеме  атанған,

        Шәкіртіңмін мәңгілік!!!

                                                                                                        Сабырғали Динара   

   

 

                                                       Жас Ұлан  мен  Жас Қыран

Адалдықты сүйеді ол,

Болашағы сонша зор.

Ол – бүгінгі Жас Қыран,

Ол-бүгінгі ЖасҰлан.

 

Мектеп деген ол ертең

Ұшырады ғаламға.

Оқуда да, еңбекте

Әрқашанда ол алда.

 

Жақсы істерді түсініп,

Атқарады қандайын.

Мектептегі істерге

Әрқашанда ол дайын!

                                                                                                     Тілепі Інжу

Султанова Зада Шаубалақызы

Маңғыстау облысы,  Бейнеу ауданы 

Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып жетекшісі 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.