Home » Жаңалықтар » Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына «қатаң сөгіс» жарияланды

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына «қатаң сөгіс» жарияланды

Биылғы Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы ірі шенеунікке қатаң сөгіс жариялаудан басталды. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалдығұл Серікке қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру бойынша, агенттіктің аумақтық департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Ахат Далабаев баяндама жасады.

Тәртіптік істің қозғалуына басқармаға жалпы конкурс арқылы қабылданған бір топ жас мемлекет қызметшілердің ұжымдық арызы себеп болған. Өтініш иелері басқармаға жалпы конкурс қорытындылары бойынша бас маманның міндетін атқарушы болып қабылданғандарын және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі тексеріс жүргізуі барысында құжаттарының арнайы тексеруге жолданбағанын көрсеткен. Жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында арызда көрсетілген деректер өз дәлелдерін тапқан. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 19-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет және осы Заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейiн мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бойынша көзделген мiндеттердi уақытша атқарады.Олармен еңбек қатынастары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

Сонымен қатар, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 7 тарауы 100-тармағында, «мемлекеттік орган жарияланған лауазымға мемлекеттiк қызметке алғаш рет кірген немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кірген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың құжаттарын ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруді жүргізу үшін жолдайды» деп көрсетілген.

Алайда құжаттар топтамасы арнайы тексеруден өту үшін ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданбаған. Басқарманың кадр жөніндегі бас маманы тарапынан жоғарыдағы көрсетілген Заң талаптары мен Қағида нормалары өрескел бұзылған.

Ал басқарма басшысы Қалдығұл Серіктің тарапынан функционалдық міндеттемесі аясында бұйрықтар шығарып, қызметтік құжаттарға қол қою кезінде тиісті дәрежеде қадағаламай, өзінің қабылдайтын шешімдерінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етпеген.

Бұл, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағы 3) және 11) тармақшаларында көзделген «өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге; қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға» деген талаптарының бұзылуына әкелген. Кеңес отырысының қорытындысына сәйкес, шенеунікке «қатаң сөгіс» түріндегі жаза қолдану үшін жоғары тұрған басшының атына ұсыным жолдау жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалдығұл Серікке «қатаң сөгіс» түрінде тәртіп жаза қолданды.

Ал басқарма басшысы болса орын алған кемшілікті жоққа шығарып, ақталып әлек болмады. Алдағы уақытта мұқият боламын деп сендірген ол, бұдан былай кадр мәселесіне қатысты сұрақтарды май шаммен қарауға бел буған секілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.