Home » Жаңалықтар » Маңғыстаудағы «Жол бер – өмір сыйла» акциясы

Маңғыстаудағы «Жол бер – өмір сыйла» акциясы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті полиция және медицина қызметтерімен бірлесіп, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе шеңберінде «Жол бер – өмір сыйла» рейдтік акциясын өткізді.

Шараның басты мақсаты – жол қозғалысының қатысушыларына жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру, жалпы парсаттылықты дәріптеу арқылы оған қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.

Полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған әрбір жүргізушімен болған диалогын акцияның мақсатымен таныстырудан бастап, полиция қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» бағытын ұстанатындығын атап өтті.

Акция барысында автокөлік жүргізушілерінің арнайы түстік және дауыстық дабылдар қосып келе жатқан жедел жәрдем автокөлігіне жол беруіне-бермеуіне көңіл бөлінді.

Өкінішке орай, мұндай жүргізушілер де табылды. Осы кісілерге жедел жәрдем көлігінің кідіруінен адамның денсаулығы мен өміріне қауіп келетіні айтылды. Акцияға қатысушылар тарапынан әрбір тоқтатылған жүргізушіге заңнама талаптарын міндетті түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттеріне тап болған жағдайда 1424 бірыңғай Call орталығына хабарлау ұсынылды.

 

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.