Маңғыстау маңғаз мекенім,
Тауларда жүрер бөкенім.
Баршаға мәлім байлығың,
Мұнайлы мекен екенің.
Мақтанғып жырға қосамын,
Далама өскен жусанын.
Өзіңнен кетсем жыраққа,
Сағынып зорға жетемін.
Тып-тынық каспий теңізің,
Самал боп соққан лебізің.
Қалықтай ұшып шағалаң,
Қарт каспийді бағалаң.
Ата-бабам дәстүрін,
Сақтап қалған мекенін.
Мақтан ғып айтам баршаға,
Маңғыстау халқы екенін.
Баршаға мәлім қасиеті,
Аңыз боп қалған өсиеті.
Бекет ата мекені,
Маңғыстауда екені.
Қиналған жанға дем берген,
Ауырған жанға ем берген.
Қасиетті Маңғыстау,
362-Әулиелер мекені.
Калығыз Таженқызы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Теңге ауылы ОШҮ-нің жанынан ашылған
«Жұлдыз» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы