Home » Ашық сабақтар » Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Оқу қызметі: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты: жыл бойы өткенді қайталау. Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: сұрақ – жауап, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Қостілдік компонент: сиыр – корова, ағаш – дерево, тауық – курица.

Құрал-жабдық: ойыншық мысық, қыз қуыршақ. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер, қуыршақ, жалаушалар.

 

Іс-әрекет   кезеңдеріТәрбиешінің іс- қызметіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 

Шаттық шеңберін ұйымдастырады.

 

— Айналаға қарап, табиғатты тамашалаңдар — бізді қандай сұлулық қоршаған?Өзімізді билеген қуаныш сезімімен бөлісіп,қоршаған әлемге алғыс сөздерімізді айтайық:

«Жарық берген,жылу берген,

Рахмет саған, күн көзі!

Таза ауа сыйлаған,

Рахмет саған, аспан!

Рахмет саған, самал жел,

Салқындығын сақтаған!

Рахмет саған, ағашым,

Маған әркез панасың!»

Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады. Жылы лебіздерін бір-біріне білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіруБалалар, бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу қызметі, бұл күні біз жыл бойы не үйрендік, соларды есімізге түсіреміз. — Мен сендерге «Бүгінгі күндерің сәтті болсын!» деймін. — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем мезгілінде неше ай бар? — Қандай айлар? — Бір аптада неше күн бар? Тосын сый: Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақта қыз бен мысық балалармен амандасады. — Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер? Мақта қыз: — Балалар, мысық менің қатығымды төгіп тастады, ал мен құйрығын кесіп алдым, мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.

Мысық: -Балалар, маған көмектесіңдерші! — Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, Мақта қыздың тапсырмасын орындаймыз ба? — Ал, енді балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік, олай болса теледидарға назар аударамыз. (теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалап, естеріне түсіреді) — Өте жақсы, балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер соны шешіңдер.

Жұмбақ: Екі найзасы бар, Екі айнасы бар. Төрт жылтырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. — Дұрыс, сиыр. Сиырды орысша   «корова» дейміз. — Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.

Сиырдың тапсырмасы: 1-ден 5-ке дейін сандарды тура және кері санау. (тақтадан сандарды көрсету) — Енді мысық сиырдан кейін неге барады екен, оны осы жұмбақтын шешімі айтады.

Жұмбақ: Жазда жатсаң, Көлеңкесіне алады. Қыста жақсаң, Жаның рахат табады. — Дұрыс, жауабы – ағаш. — Ағаш орысша — «дерево «. Ағаштың тапсырмасы. — Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар. — Енді құстарға қамқорлық танытып, алдарындағы геометриялық пішіндерден құстарға ұя құрастырайық. Мысық енді кімге барады? Қыздардың тапсырмасы: «Сұрақ — жауап» 1. Бағдаршамның неше көзі бар? 2. Қолғапта неше саусақ бар? 3. Адамда қанша көз бар? 4. Жұлдыздың неше көзі бар? 5. Аспанда неше күн бар? 6. Бір жылда неше мезгіл бар?

Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Алақанды соғайық, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Қыздардан кейін мысық қайда барады? Дүкеншінің тапсырмасы: «Тез ойлап тап!» Есеп: 1. Дүкеншіде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алды. Дүкеншіде неше жұмыртқа қалды? 2. Ермек дүкеннен 3 алма алды, жолда 1-ін жеді, Ермекте неше алма қалды? 3. Ұлжан дүкеннен үш алма сатып алды. Алманың 1-ін Дильназға, тағы 1-ін Мединаға берді. Ұлжанда қанша алма қалды? — Балалар, мысық дүкеншіден кейін кімге барады? — Тауықты орысша «курица» дейді. Тауықтың тапсырмасы: «Адасқан сандарды тап» Доп — 1, алма — 2, сәбіз — 3, саңырауқұлақ — 4, пирамида — 5. — Балалар, мысық тауықтан соң, кімге барады? Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар. Өзі егін екпейді, Егістен ұзап кетпейді. Қарны тоқ, қайғысы жоқ, Мысық қуса жетпейді. — Тышқанды орысша» мышь» дейді. Тышқанның тапсырмасы: «Суретте не жетіспейді?»

— Балалар, мысық сендердің көмектеріңмен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. — Міне, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып беріп, екеуі дос болыпты.

Көктем мезгілі. 3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр. 7 күн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Иә, көмектесеміз, орындаймыз.
Теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалайды.

 

Сиыр
 

Сиыр — корова

1-ден 5- ке дейін тура және кері санайды.

Ағаш.

Ағаш — дерево Пішіндерді атайды, түстерін ажыратады. Геометриялық пішіндерден құстарға ұя құрастырады.
Қыздарға. 3 5 2

Жұлдызда көз   болмайды. 1 4
 

Сергіту сәтін жасады.
 

Дүкеншіге барады.
 

Балалар жауабын айтады.

Тауыққа барады.
Тауық — курица.

Тышқан.
 

 

 

 

 

 

 

Тышқан — мышь.

Балалар мысықтың суретін аяқтайды. Құйрығын салады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

— Балалар бүгін біз іс- әрекетімізде қандай сандарды қайталадық? — Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?

— Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкерлері келді?

 

— Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па? — Сау болыныздар! Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.

1- ден 5-ке дейін.

Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш.

«Мақтақыз бен мысық»ертегісінің кейіпкерлері келді.
— Иә.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.

Нені игерді: Түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады.

Нені біледі : Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.

 Гамышбаева Жемисгул Косеевна

№ 9 “Бәйтерек балабақшасы” тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.