Home » Мақалалар » Мақтааралым-мақтанышым

Мақтааралым-мақтанышым

Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын жұмыс емес. Кешегі тарих сахнасының өшпес асыл мұраларының арқасында бүгінде кемеліне жеткен, озық өркениетті елдердің қатарындамыз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын оқи отыра, бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ең алдымен, жаңашыл білім жүйесінің жас ұрпақтарға жаңа қоғам мүшесі етіп, біліммен тәрбие беруді жаңаша құру. Рухани жаңғыру тек қана заттың не дүниенің жаңғыруы емес. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы. Яғни, жаңғыру өскелең ұрпақтың дана да дара жолы! Елбасымыз өз мақаласында айтқандай: біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсаттарымызға жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс. Дамудың даңғыл жолындағы бай да қуатты еліміздің барша саласы өз заманына сай қарыштап дамып келеді. Бүгінгі ғаламат жаңғыру, ертеңгі мәңгі өшпес – тарих. Яғни, әрбір тарих тамыры бүгіннен бастау алады. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды.  Жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты !

Адамзаттың сан ғасырлық қуаты
Ғаламаттай өлмес мәңгі елімнің

Тарихта қалар жаңғырудың бір аты

Өз өлкесінің тарихын жан – жақты зерттеу, өз өлкесінің тарихында мемлекет тарихы мен тағдырының ортақ элементтерін көру өлкетанушылар бойында патриоттық көзқарасты, туған жерге деген ыстық сезімді тәрбиелейді, бізді жан- жақты дамыған тұлға ретінде көрсетеді.
Мен өз өлкемнің, яғни туып өскен жерімнің тарих шежіресінен сыр шертемін. Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал совхоз  — техникумы ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940-1957 жылдары аудан орталығы болды. Сол жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті Исмайл Юсуповты осы Ильич аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп бекітті.  1944 жылы 8 мамырда жаңа аудан, яғни Ильич ауданы деп аталды. Ильич ауданы алғашқы жылдарынан – ақ мақта өндіруге жоғары табыстарға қол жеткізді. Аласапыран соғыстың сонау қиын замандарында мақта тапсырудың жоспарын 115,2% ке орындады. Бұл сол замандағы мақта өндіруден жоғары нәтиже еді. Ұжымшардың қаржылай табысы 1 млн 535 мың сомды құрады. 1957 жылы 12 ақпандағы есеп бойынша Ильич поселкісінің тұрғындары 32907 адамға, аумағы 313 гектарға жеткен. Мұндай көрсеткішімен облыстың Оңтүстік аймағының шағын астанасы екендігі ескеріліп, оны қалаға айналдыру көзделді. Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің атқару комитеті 1957 жылғы 21 шілдеде «Ильич поселкісіндегі аудандық бағыныстағы қала етіп қайта құру туралы» №442 қаулы қабылданды. Ильич поселкісін аудандық бағыныстағы қала етіп қайта құру ісі Мырзашөлді өркендеуге арна ашқан сол үш құжаттың талаптарынан туған еді.
Алайда, неге екендігі белгісіз, Оңтүстік Қазақстан облакомының 1957 жылғы 25шілдедегі №442 қаулысы орындалмай қалған. Қазақ КСР жоғарғы кеңесі төралқасының төрағасы Ж.А.Тәшеновтың  атына бірінші тамызда жіберілген хатқа жауап келмеген сияқты.
Соған қарамастан, Ильич кенті жыл сайын өсіп өркендеп, өрісі кеңейіп, дами берді. Мұндағы теміржол станциясы, көптеген өндіріс орындары және басқа кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесі атқару комитетінің 1988 жылы 19 қаңтардағы шешімімен Ильич кентінің аясы кеңейтілді. Мақтарал ауданындағы Бірлік ауылдық кеңесіне қарасты Панфилов ауылы, «Мақтаарал» кеңшарының Ильич атындағы бөлімшесінің, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен Мақтаарал ауыл шаруашылығы колледжінің, Мақтаарал ауылдық кеңесіндегі «Мақтаарал» кеңшары орталық елді мекенінің негізінде пайда болған ауылдар түгелдей халық депутаттары Ильич поселкелік кеңесінің әкімшілік қызмет көрсетуіне берілген болатын. Бұлда Ильич кентінің аясы кеңейе түсетіндігінің белгісі. Қазіргі кезде Ильич кентінде 20 мыңға жуық халық тұрады. Бір ғажабы – Оңтүстік Қазақстан обладкомының қаулысы өз күшіне ене алмай, жоғарғы жақтардың оны ұмыт қалдырғанымен, кентінің көркейіп дами бергендігі.
Енді, міне, сол кеңестермен бірге Ильич поселкелік кеңесі де әлдеқашан тарағанымен, кенттің өз әкімі бар. Уақыт бір орында тұрғанба, заман да, адамдар да өзгерген. Әйтсе де бүгінгі алғашқы қазығы қағылғанына 90 жылға жуықтаған. Кентімізге болмашы жерден қала мәртебесі бұйырмай қалғаны біртүрлі жүректі сыздатады екен.

 

Ал, Ильич ауданы әкімшілік- аумақтық құрылым ретінде 20 жылға жуық сақталып, 1963 жылғы 10 қаңтарда таратылды. 1969 жылы кентте одақтық маңызы бар «Мақтаарал» тәжірибе станциясы құрылды. 1998 жылдан бастап Ильич аты «Атакент» деп өзгертілді. Сол жылдардан бастап кентте көптеген мәдени орындар салына бастады. Мақтаарал ауданындағы ең ірі мәдениет үйлерінің бірі «Достық» Атакент кентінде орналасқан. Қазіргі таңдағы еліміздегі жаңғырулар мен қатар Атакент кенті де қатар даму үстінде. Мақтаарал гуманитарлық агро – бизнес колледжі, аурухана, «Халықтар достығы» сарайы, екі мейманхана, спортзал тағы басқа мекемелер жұмыс істейді. Атакенткентінің инфрақұрылымы өзге қалашықтардан кем түспейтіндігі анық.

Атакентім елмен бірге өстің сен,
Шырайлысың, таңданамын білгің мен
Өскен өлкем тарихыңнан сыр шерттім
Мәңгіліксің күннен — күнге көркейген.

 

Дуйсенова Асия Досыбаевна,
«Қ. Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.