Жаңалыққа жақын жүретін еліміздің педагогтерін жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде бұлт арасынан шыққан күндей, жақсылықтың нұрын шашқан Елбасының дәстүрлі Жолдауы 10 қаңтар күнгі баспасөз беттерінде жарияланды. Алдымен әркім өзіне тиесілі міндетке баса назар аударып шығатыны рас.
Біз де «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБА институтының «Мониторинг және талдау» бөлімінің қызметкерлері, өзара жаңалық жаршысы болған «Егемен Қазақстан» газетінің кезекті санында жарияланған Жолдауға қызу пікіралмасу жүргізіп алдық.
Сарабдал саясаткердің көрегенділікпен кезекті Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атауы да тегін емес. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан əлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғандығын тілге тиек ете отырып, Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясының жүзеге асырылып жатқандығын және «Жүз нақты қадам: Ұлт жоспары» аясында бүгінге дейін 60 қадамының біртіндеп жүзеге асқандығына тоқталып өттік. Әрине, мұндай келелі істердің өз уақытында жүзеге асырылып жатқандығы еліміздің кешегі күнінен әлдеқайда ілгері жылжудың нақты екендігін көрсетеді. Осындай алға жылжуларды оқып отырып, еліміздің әрбір тұлғасының бойында рухани жаңғырудың біршама қалыптасқандығы деп, ол қалыптасудың себепкері болған ҰЛЫ ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ мақтан еткіміз келеді.
Жолдаудың 7-негізгі міндетінде адами капиталдың жаңа сапасын арттыру, яғни педагог мамандығының мәртебесін көтеруге ерекше назар аударғаны ұстаз қауымын қуанышқа бөледі. Жолдаудағы ұстаздарға жүктелген міндеттерден ұққанымыз тәуелсіз елдің ұстаздары да сауатты, бүгінгі жаһандық жаңаруға жауап бере алатын шәкірт дайындай алуы керек. Ол үшін барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екендігіне тоқталды.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Педагогтерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау – рухани жаңарған бүгінгі заман ағымына лайық оқушыға бәсекеге қабілетті және тура бағыт көрсете алатын маманның біліктілігін арттыруды жүктеді. Бұл жолда білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарының оқыту сапасын күшейту керек. Мұндай оқыту сапасы жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты болмақ. Өйткені, бүгінгі мектеп оқушысы әлем болып Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, дамыған технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқан уақытта кешеуілдеп, кейін қалмауы керек.
Сонымен, бүгінгі мектеп оқушысына тәлімі мен тәрбиесін бірдей беретін мектеп «бағбаны» қандай болуы керек? Әрине, «білімі мен біліктілігі жетілген, құзыретті маман» деп жай ғана жауап береміз. Енді, сол сөздердің астарына мән беріп, мағынасына терең үңілсеңіз, «мен шынымен осы мамандыққа лайықпын ба?» деген сұраққа санасы ояу мұғалім ойланып қалады. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қаншама мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Алайда, солардың қанша пайызы дұрыс түсініп, қанша пайызы өз тәжірибесінде орынды қолданып жүргені бір Аллаға аян.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігіне тоқталып, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшудің басталып кеткендігін және оның 2021 жылы аяқталатынын айтты. Қазіргі білім берудегі өзгерістер, бұл — мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.
Сонымен қоса, барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігі педагогтер үшін қуанышты болды. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.
Әрине, алмақтың да салмағының болатыны белгілі. Елбасының жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілік арттыру курстарынан өтіп, сертификатталған мектеп мұғалімдерінің жалақысын 30%-дан 50%-ға дейін көтерудің де қисынын келтіре, бірақ тура бағыттай бергені тағы да педагогтердің өз білімдерін үздіксіз және жан-жақты жетілдіруге жол көрсеткені деп ұғындық. Өйткені, санатты көтеруде бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тестті енгізгендігі – педагогтердің ұдайы өзін реттеуді және жетілдіруді нақтылағаны.
Қорыта айтқанда, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары қарыштап ілгері дамып жатқан еліміздің дамуына өзіндік үлес қосатын педагогтеріміздің алдына қойылған міндеттердің салмағы – айқын мақсатқа жетудің нақты қадамдары болмақ.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ
Мониторинг және талдау бөлімі