Home » Балабақша » Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту

Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту

Менің түсінігім бойынша мұғалім – рухы  таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың  үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі  – жылы, көңілі – дархан   адам. Ұстаз   білгенін   үйретуші   ғана   емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның  бойынан жақсылық іздейтін  ізгі  ниет  иесі. Мен де орыс тілін үйрету барысында тек білім беруді ғана көздемей, балалардың  бойына  толерантты,  адамгершілік  қасиеттерін  сіңіруді басшылыққа аламын. «Тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде  де  орыс  тіліндей  болып  қолданылуы  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін істеу керек» — деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бар. Тіл үйрету ісі алдыменен  балабақшадан  бастау  алады.

Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие  берілуі  керек.  Тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы» деген қанатты сөзі бар. Бүгін  біздің  алдымызда  тұрған  мақсат  —  балаладарды  қазақ  тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар олардың туып өскен жеріндегі мемлекеттік тілге деген құрметін оятып, патриоттық сезімді қалыптастырып, мәдениетті, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу.  Сол  сияқты,  барлық  отандастардың   өз отанымен рухани тығыз байланыста болуы, өзі өсіп  — өнген  аймаққа   деген сүйіспеншілігі  патриотизмнің  қайнар  көзі. Шындығында, сапалы  білім саналы  тәрбиемен  шынайы  ұштасқанда  ғана  ұлт  тілегі  орындалып,  қоғам асыл  қасиеттерге  қол  жеткізбек. Осы қоғамда  қалыптасқан  ұрпаққа  тату-тәтті  өмір  сүріп  келе  жатқан  көпұлтты  егеменді  мемлекетіміздің  жүгенін сеніммен тапсыра аламыз. Бірнеше жыл бойы тынымсыз еңбегімнің нәтижесі ретінде:

«Мен орыспын сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін мәдениетін, салт-дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын  қазақтың  басып  өстім»- деген  сөздерді әр бала үлпілдеген

жүрегімен сезінсе, менің жұмысым зая кетпегені деп санаймын.

Мен орыс тілі пәнінен сабақ беретіндіктен сабақ процесінде балалардың тілдік кедергіге тап болатынын жиі аңғарамын, сондықтан оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы осы қиындықтан шығар жол іздеудемін және біртіндеп жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Баланың қабілетін шыңдау, қызығушылығын ескеру, деңгейлік тапсырмалар дайындау, топтық, жұптық, жеке тапсырмалар түрін байланыстыра қолдану, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланы жетелеу, сабақты түрлендіре білу – жетістікке жеткізер жолдар деп есептеймін.

«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек», — деген ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы сөзі бәсекеге лайық ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз екенін тағы да еске салғандай.

Нысамбаева Акбота Сагидоллаевна
Қарағанды облысы Балқаш қаласы
«Ақбота» МЖДМ КМҚК
Орыс тілі оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.