Home » Білім және тұлға » Мақсатым-елім деген ұрпақ тәрбиелеу

Мақсатым-елім деген ұрпақ тәрбиелеу


«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша
Бүгін өмір жолы өнегеге толы жанмен тілдесіп қайттық.Ол кім және қандай адам осы сұраққа жауапты сұқбаттан таба аласыздар:
1.Өзіңіз туралы толық мәлімет
—  Мен,Абдукаримова Забира Аблехановна 1964 жылы 10 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келгенмін.
2.Оқу – ғылым. Еңбек жолыңыз.
— 1984- 1987 жыл аралығында Алматы қалалық Пед. Училищесі, 2005 – 2008 жыл аралығында Қазақстанның көп салалы «Парасат» университеті және Тараз Гуманитарлық – техникалық университеті. Қазір осы салада жұмыс атқарып келемін.
3.Кешегі (бала), бүгінгі (қазіргі) армандарыңыз.
—  «Бала – балқыған қорғасын» деген Абай даналығын ойыма түйіп, педагог мамандығын таңдадым. Бұл менің — бала күнгі арманым  еді. Бала арман жетелеп, қалаға әкелді. Бүгінде арманы орындалған бақытты педагогпын. Ендігі арманым, осы тәрбиелеп отырған тәтті бүлдіршіндеріміз аман болып, Елін, жерін, Отанын сүйетін, білімді, ұлтжанды етіп тәрбиелеу.
4.Мамандығыңыздың басқалардан айырмашылығы, яки, ерекшелігі.
— Мамандығымның ерекшелігі – кішкентай ғана таза, пәк көңіл балапандарды тәрбиелеу. Балалармен балаша ойнау,  құласа демеп, жыласа жұбатар дос болу, «білсем», «үйренсем» деген құштарлықтары мені жаңа әлемге жетелейді. Ал, айырмашылығы – біз бала көзімен ұлы суретшіміз, мүсіншіміз, жаттықтырушымыз, экологпыз, музыкантпыз. Бір сөзбен айтқанда барлық мамандықты игерген педагогпыз.
5.Өткен өміріңіз қайта оралса, осы тағдырды тағы таңдайтын ба едіңіз?
— иә, әрине, мен бақытты анамын, бақытты әжемін, бақытты педагогпын.
6.Бойыңыздағы жақсы, жаман жақтарыңыз?
— Жаман қасиетім – адамдарға тез сеніп қалатыным, жақсы қасиетімді айта алмаймын.7
7.Мақсатыңыз бен ұстанымыңыз.
— Мақсатым – елім деген ұрпақ тәрбиелеу. Ұстанымым – адал болу.
8.Балалармен қарым – қатынасыңыз қандай?
Өте жақсы. Таңертеңгі қабылдау, былдыр да, тәтті тілімен амандасқандары, оқу қызмет барасындағы балалардың тәтті тілімен қойылған сұрақтары, таза да, тәтті қылықтары мені қанағаттандырады.
9.Мақтап атай алатын шәкірттеріңіз.
— Балабақшадан мақтан тұтатын шәкірттерім көп. Атап айтсам, «Әнші болам» байқауына қатысқан – Қайса Жәңгір, көркем сөз оқудың шебері – Абылқасым Айару, «Балапан» байқауына қатысып жүрген көптеген жеңімпаз ұл-қыздарым өте көп.
10. Сіз үшін ұстаз (тәрбиеші) болу. Бір сөзбен…
— Барлық мамандықты игерген тұлға.

 

                                                                         Дінмұхаммед Мұхамеджан,

                                                                           Алматы қаласы

                                                                              «Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.