Home » Ашық сабақтар » МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Талдыбұлақ ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кәрібаева Үміт Сайлауқызы

 

Сабақтың мақсаты: білімділік: Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.

Дамытушылық: Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Ұжымдық жұмыс жасауда белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған қағаздар, «Мақал-мәтелдер» кітабы, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс

Сабақтың барысы: А)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

«Шаттық шеңбері» стратегиясы

Ә) Топқа бөлу. Атын қою, топ басшысын сайлау

Б) Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта диктант жаздық та, үйге ережелер берілді. Өткен тақырыпты бекіту

— Тұрақты тіркес дегеніміз не?

— Тұрақты тіркеске мысал келтірейік.

«Қарлы кесек» стратегиясы. Мен әр оқушыға қарлы кесек тастаймын. Оның ішінде әр түрлі сөздер жазылған. Сол сөздерді байланыстырып тұрақты тіркестер айтамыз. Тай, көз, жер, түн, ит, ауыз, қақпақ, күн.

Мен сіздерге  интербелсенді тақтадан сөздер көрсетемін. Сол сөздердің мағынасын айтыңдар.

Төбесі көкке жету —

Ит терісін басына қаптады —

Жаны мұрнының ұшына келу —

Төбе шашы тік тұру —

көзге ілмеу — назар аудармау

үш ұйықтаса түсіне кірмеген — ойламаған жерден

Тайға таңба басқандай  —   анық

таяқ тастам жер  —    жақын

жүрегінің түгі бар    —   батыл

төбесі көкке жету — қуану

   Екі езуі құлағында, екі иығынан демін алып отыр, екі иығын жұлып жеу, екі кеменің құйрығын ұстау, екі көзі төрт болу, екі көзі шарасынан шығу, екі қолы алдына сыймау, екі қолын мұрнына тығып қалу, екі оттың арасында қалу, екі талай, екі шоқып бір қарау.

В) Жаңа сабақ

Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді.

Мақал-тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.

М: Кең болсаң, кем болмайсың. Бидайдың кеудесін көтергені-дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені-ақылы жоқтығы.

    Мәтел-ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.

Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда, т.б.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

  1. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды. Мысалы: Қорқақты көп қусаң, батыр болады деген мақалда ой толық аяқталып, себебі мен салдары, яғни шарты мен нәтижесі қатар берілген. Ал Дария жанынан құдық қазба дегенде салдары ғана айтылған, себебі айтылмаған.
  2. Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді. Мысалы: Қар жауды деп қуанба, аязы бар. Бас аман болса, бөрік табылады дегендер- мақалдар. Сыныққа сылтау: Сұлуынан жылуы: Баланы жастан, әйелді бастан дегендер — мәтелдар.

                                                Г) Жаттығу жұмыстары

Тақта алдында ауылдар жазылған парта тұр. Сол жердегі мақал-мәтелдерді оқып, тақырыбына сай ауылдарға бөлу.

125-жаттығу. Қима қағаздарға әр түрлі тақырыпта мақалдар жазып, тақырыптық ауыл-ауылға бөліп орналастырып, әр ауылға ат қою.

Мысалы: 1. Туған жер, Отан туралы. 2. Еңбек туралы. 3. Өнер-білім туралы. 4. Достық туралы.

  1. Туған жер ауылы 2. Еңбек ауылы 3. Білім ауылы   4. Достық ауылы

1.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ердің атын еңбек шығарады.

3.Білім байлықтан да күшті.Оқуыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

4.Күлме досқа, келер басқа. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Балалар өздері осы тақырыптар бойынша білетін мақал-мәтелдерін әр қима қағаздарға жазады. Оларды аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады.

«Жалғасын тап» ойыны.

Екі топқа бөліп, мақал-мәтелдердің екінші сыңарларын жасыратын ойын ойнату.

Бірінші топ-жоғалтушы, екінші топ-табушы.

Тапсырма. Берілген мақалдың баламасын тап.

  1. Қолы қимылдағанның …
  2. Көп жасаған білмейді, …
  3. Кәріге құрмет- …
  4. Біреуге ор қазба, …
  5. Еңбек-адамның …
  1. Көп түкірсе- …
  2. . … ерге нұр жауар
  3. Жігітті- … таны

 

Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.

Көрмес-түйені де көрмес.

Кімнің тарысы піссе — соның тауығы

(жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)

   Д) Бекіту

Суреттерде берілген заттар аты кездесетін мақал-мәтелдер жазыңдар.

                     

 

   

 Е) Үйге тапсырма

127-жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

Мақал мен мәтелдің емлесін оқып жаттау

Рефлексия. Стикерге жазу

  Ж) Бағалау

 

Бағалау парағы

І  топ «_____________»

Оқушының аты-жөні

 

Үй тапсырмасын орындауы

 

Постер құрау, қорғауМақал-мәтелдің жалғасын табу, құрау125-126-жаттығу орындауҚорытынды баға
1      
2      
3      
4      

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.