18 наурыз күні «Білім айнасы» газетінің тілшілері Қуантай Амантайұлы,
Жәнібек Қуанышұлы және Қуаныш Тұрғанбайлар №84 мектеп-лицейіне келіп, бір топ мұғалімдермен «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тренингтің өткізілу мақсаты мектеп ұстаздарына мақала жазудың дағдылары мен міндеттерін түсіндіру болды. Қазіргі кезде мұғалімдердің арасында мақала мен сабақ жоспарларын жазуды шатастыратындар көп кездеседі. Осыған орай, мектеп мұғалімдеріне бағыт- бағдар беру арқылы шығармашылық қабілеттерін нығайту үшін өткізілген бұл тренингтің біздерге тигізген пайдасы көп болды. Қаншама мектепте өткізген іс- шараларымызды газет-журналдарға жіберу үшін біраз керекті мағлұматтар алдық. Алдағы уақытта «Білім айнасы» газетінің редакциясымен біріге отырып жұмыстар жүргізетінімізге қуаныштымыз. Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, ұжымдарыңызға бірлік пен ынтымақ тілейміз!
№84 мектеп-лицейдің биология пәнінің мұғалімі
Сулейменова Зуара Байгараевна
Астана қаласы