Тау тұлғалы, ержүрек батыр, Махамбет атам,
Жырларыменен, өлеңімен таңы атқан
Бекетай құмы деген жерде туып,
Баймағанбет қолынан қаза тапқан
Қазанның жиырмасы дүние салып,
Қайғы салдың жүректерге тулап жатқан
Жырларыңнан нәр алып өстім менде
Өзіңменен қазақ елі күшті, міне
Шындық пен әділдікті қатар ұстап,
Өмірдің қиындығын артқа тастап
Ешкімде қайталанбас қайсар мінез,
Келгендей батырлықтың көшін бастап
Әдебиет әлемінің майталманы,
Деп қазақ мақтанышпен айта алады,
Санамызда жатталған әр сөзінде
Ақиқатты, шындықты қайталады
Жырларың барда көңілге қымбат һәм жақын
Ұмытпайды ата,
Ақкөңіл халқың, өр халқың
Өшпес жырыңды қалдырып кетіп барасың
Қош енді, қош Махамбет ақын, ұлы ақын
Қош енді, қош Махамбет ақын өр ақын
Исаева Арайлым
Астана қаласы,
№53 мектеп- лицейінің
10 «ә» сынып оқушысы