Home » Ашық сабақтар » Мауенова Н.Т.

Мауенова Н.Т.

2 саны және цифрымен таныстыру

Сынып: 3 «Б».
Пән: Санау.
Ортақ тақырып: Көлік.
Мақсаты: Оқушыларды 2 саны және цифрымен таныстыру.
Міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыларды 2 саны және цифрымен таныстыру. 2 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді меңгерту.Екі цифрын жазуға үйрету.
2.Түзете-дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзара достастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: цифрлар, суреттер, ертегі кейіпкерлері, қысқыштар
Ұйымдастыру кезеңі.
I. ПДК Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңберіне шақыру.
-Балалар, қазір бізде қандай сабақ?
-Санау сабағында біз не істейміз?
-Дұрыс, балалар.
-Бүгін ақпанның 3-і. Жұма.
-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілі несімен ерекшеленеді?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қыста не болады?
Қыс мезгілінде күн суық болады, біз тоңамыз. Ендеше, қазір қолымызды бір-бірімізге беріп жылынып алайық.
Сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (жүректерін ұстайды)
Достарыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Өз бойыма жинаймын
Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
II. Негізгі бөлім.
Өткенді қайталау (1 саны және цифры).
Карточкамен жұмыс Оқушыларға тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады.Әр оқушы жекелей жұмыс жасайды.
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Суретте жасарынып қалған 1 цифрін табайық.
Тірек білімдерін жетілдіру «Математикалық эстафета».
Шарты: 1-10 дейін тура санау.
Қызығушылығын ояту.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтеді. Бүгінгі санау сабағында біз «Математика еліне» саяхатқа шығамыз. Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту сабағында танысқан ертегілерді есімізге түсіреміз. Кейіпкерлерімен кездесеміз. Қандай ертегілерді білесіңдер?
-Саяхатқа шыққыларың келе ме?
-Саяхатқа шығу үшін бізге не керек болады?
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Тақтадан қандай көлік түрін көріп тұрсыңдар?
-Пойызбен саяхаттағандарың бар ма? Қайда бардындар?
-Біз де бүгінгі сабақта пойызбен саяхатқа шығамыз. Бірақ, балалар, біздің пойызымыздың вагондары нөмірленбеген екен.
-Пойызда неше вагон бар екен?
-Ендеше, вагондарымызды 1-5 сандарын ретімен қою арқылы нөмірлейік.
-Жақсы, балалар, ендеше, ертегілер еліне саяхатымызды бастайық.
-Балалар, айтындаршы, пойыз қандай дыбыс шығарады?
-Пуп-пуп
-Пыш-пыш, пыш-пыш,
-Пуп-пуп
-Пыш-пыш, пыш-пыш.
Жаңа сабақты баяндау
1 аялдама: Балалар, бірінші аялдамада бізді кім күтіп тұр екен?
-Ата мен әже сендерге таныс па? Оларды қай ертегіден көрдіңдер?
-Балалар, атаға көмек керек екен. Қазір қыс мезгілі болғандықтан ата аяғына пима киеді. Ата сол пималарын жоғалтып алған екен. Пималарды атаға табуға көмектесейік.
-Сендердің алдарында қанша пима жатыр?
-Жақсы, балалар. Алдарындағы пиманың саны қанша болды?
-Ол қалай екеу болды?
-Дұрыс, балалар.
-Екі санын қандай цифрмен белгілейміз?
(Мұғалім 2 цифрын тақтаға іледі)
-Балалар, бүгінгі сабақта біз 2 саны және цифрымен танысамыз.
-Бір затқа тағы бір затты қосқанда екі зат шығады. Екі санын 2 цифрымен белгілейміз.
-Кәне, кім сандар сызығынана 2 цифрын тауып көрсетеді?
-Балалар, қоршаған ортада 2 саны және цифры көп кездеседі. Біздің кейбір дене мүшелеріміз де екі-екіден. Қандай дене мүшелеріміз екі-екіден?
-Балалар, екі заттың санын ғана білідірмей, реттік орнын да білдіреді. (2 цифрының орнын көрсету).

-Сонымен қатар, өз үйімізді, мінетін автобусымызды шатастырып алмау үшін оларды цифрмен белгілейміз. 2 цифры да белгілеуге жиі қолданылады.
-Жақсы, балалар, бұл аяддамада атаға көмектестіңдер. Ата да бізбен саяхатқа шыққысы келеді екен. Атаның қолында билеті бар. Билеттің нөмірі бойынша атаны тиісті вагонға отырғызайық.
-Ата мен әже
-Бауырсақ ертегісінен;
Оқушылар алдарында жатқан бір пиманы қарап, екінші сыңарын сыныптың ішінен табады.
-Біреу.
-Екеу.
-Бір пимаға бір пиманы қостық.
Оқушылар дене мүшелерін мұқият қарап, екі-екіден болып келетін дене мүшелерін табады.
Екі қол, екі аяқ, екі көз, екі қас, екі құлақ.
Оқушылар автобустын және үйдің нөмірін атайды.Оқушылар кейіпкердің қолындағы билет нөмірі бойынша вагонға отырғызады.
Сергіту сәті.
-Балалар, 2 цифры сағатта бар ма екен?
Кім көрсетеді?
-Ендеше, сағатқа қатысты сергіту сәтін жасап алайық.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап ақ,
Жаттығу оңай ақ.
Екі оқушы кезекпен шығып 2 цифрын көрсетеді.
Оқушылар тиісті қимылдарды жасайды.
Оқулықпен жұмыс
-Енді саяхатымызды жалғастырайық. Пойыз қалай дыбыс шығарады?
2 аялдама. Түлкі.
Оқулықпен жұмыс жасау.
-Балалар, оқулықты ашайық.
№1 тапсырма.
-Балалар, суреттегі не? Ол нешеу?
-Келесі суреттегі не? Ол нешеу?
№3 тапсырма.
-Суреттерді мұқият қарап, 2 цифрын тауып алайық.
№4 Суретте не көріп тұрсыңдар?
-Алма қанша болды?
-Жақсы, балалар. Енді келесі кейіпкерімізді де вагонға билет нөмірі бойынша отырғызайық.
Оқушылар дыбыстап, қимылдайды.
Оқушылар оқулықтарын ашады.
Заттарды санап, санын анықтайды.
Түстерін атайды.
Суретте үй, трамвай, хоккейші бейнеленген.
2 цифрын табады.
Суретте қыз бала. Алманың саны екеу болды.
Оқушылар кейіпкердің қолындағы билет нөмірі бойынша вагонға отырғызады.
Планшетпен жұмыс
-Балалар, 2 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады.
-2 цифрын ауада жазып көрейік.
-Балалар, қазір планшетімізге 2 цифрын жазып көрейік. Ол үшін сендерге көмек ретінде нүктелер қойылған. Сол нүктелерді қосамыз.
Оқушылар 2 цифрының жазылуына мұқият қарайды.
2 цифрын планшетке жазып, көрсетеді.
Келесі кезекте нүктесіз жазады.
Саусақ гимнастикасы
Саусақтар жүреді
Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді.
Оқушылар 5-ке дейін тура және кері санап саусақтарын жүргізеді.
Дәптермен жұмыс 3 аялдама. Қасқыр.
1. Дәптердегі нүктелерді қосу арқылы 2 цифрын жазу.
Кейіпкерді билеті бойынша вагонға отырғызады.
Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын «Ертегі кейіпкерлеріне көмектес»
(мысық, лақ, түлкі, аю, қоян)
4 аялдама. Қоян қарсы алады.
Оқушылар қыстырғыштың (пришепка) көмегімен ертегі кейіпкерлерінің дене мүшелерін қыстырады.
Қоянды билеті бойынша вагонға отырғызады. Оқушылар қыстырғыштың (пришепка) көмегімен ертегі кейіпкерлерінің дене мүшелерін қыстырады.
Сергіту сәті Ертегідегі қорбаңдаған кейіпкер кім еді?
Ендеше аю туралы сергіту сәтін жасайық.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық. Оқушылар тиісті қимылдарды жасайды.
Ойын «Аюға көмектес» 5 аялдама. Аю қарсы алады.
Аюдың сүйікті жидектерінің бірі не еді?
Ендеше, аюға құлпынай жинауға көмектесейік.
Аюды вагонға отырғызады.
-Құлпынай.
Оқушылар топ бойынша құлпынайларды жинайды.
Бекіту.
Балалар, осымен « Математика еліне» саяхатымыз аяқталды. Саяхат барысында сендер ертегі кейіпкерлеріне көмектесе білдіңдер. Саяхат сендерге ұнады ма?
-Балалар, бүгін қандай сан және цифрмен таныстық?
-Қандай ертегі кейіпкерлерін кездестірдік?
-Бүгін 2 санымен таныстық.
III. Қорытынды. Рефлексия .Мадақтау.
-Балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстындар. Ертегі кейіпкерлеріне көмектестіндер. Сол үшін ертегі кейіпкерлерінің сендерге әкелген сиы бар.
Оқушылар кубик бойынша кәмпиттерді алады.

Мауенова Н.Т.,
Астана қаласы, әкімдігінің
«№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.