Home » Есеп » Математика әлемінде

Математика әлемінде

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін   арттыру. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту. Адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, ұпай көрсетілген қағаздар.

Барысы: Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Математика әлемінде» атты математикалық кешке қош келдіңіздер!

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

І топ: «Сандар» тобы

1. Орынбасарова Гүлбақыт

2. Маханұлы Қуаныш

3. Жәнібек Әділжан

 

ІІ топ: «Өрнектер» тобы

1. Бозаев Мейрамбек

2. Утепберген Мейрамбек

3. Мұхтарқызы Зере

 

ІІІ топ: «Теңдеулер» тобы

1. Танирбергенова Шаттық

2. Есімова Назерке

3. Тоғжан Айбану

Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,

                     Жеңіске жеткен едің талай сында.

                     Қара қылды қақ жарып әділ қазым

                     Еңбегін тапқырлардың әділ сына.

                     Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

                     Әділдігіне бас иеді күллі

                     Жүйрік озар сайыста неше бір

                     Сарапқа сап әділдікпен шеш біл, — деп әділ қазы алқаларымен таныстырайық

  1. Себепова Мөлдір
  2. Оразалиева Айгерім
  3. Мақатова Маржан

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

І. Таныстыру

«Сандар» тобы

 

Ұраны: Бір, екі, үш,

Жинап алып күш

Жеңілмейміз, жеңеміз,

Біз білімге сенеміз.

«Өрнектер» тобы

Ұраны: Өрнек тобы тек алға,

Деп ұранға басайық

Жеңіс бізге лайық,

Бұл сайыста озайық.

«Теңдеулер» тобы

 

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе               Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске »

ІІ. «Математикалық көкпар»

ІІІ. Бәйге

ІҮ. «Полиглот» Мақалды жалғастыр

ҮІ. Ойын: «Жаңылмаймын»

ҮІІ. «Ойлан, тап!»

 

І бөлім: Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.

 

ІІ бөлім: «Математикалық көкпар»

  • Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
  • Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықта. (Туған күні ақпанның 29-ы)
  • Ағаш үстіне 30 торғай қонып отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды?   (2-еуі қалды. Қалғаны ұшып кетті)
  • Егер пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60 км)
  • Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер екі бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (6 бұрыш)
  • Бала қағазға жазылған 86 санын жолдасына беріп, ешқандай амал қолданбастан 12-ге арттыр деді. Ол қалай арттырды? (98 болады)
  • 3 кг ет 3 сағатта піссе, 5 кг ет неше сағатта піседі? (3 сағатта)
  • 2 қасқыр 2 қойды 2 сағатта жейді. 4 қасқыр 4 қойды неше сағатта жейді? (2 сағатта)
  • Сағат 5-ті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (доғал)
  • Сағаттың 12 ден бір бір бөлігі неше минут? (5 минут     60 : 12)
  • Үш май шам жанып тұрады. Екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (Екеуі, өйткені сөндіріілмеген 1-еуі жанып кетеді)
  • 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек. (99)
  • Киноға бес бала келе жатты. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр?  (5)
  • 10 үйрек ұшып бара жатты, аңшы 1 үйректі атып алды. Неше үйрек қалды? (1)
  • Отбасында 2 бала бар. Марлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Марленге іні емес. Сонда Ардақ кім? (қарындасы)
  • Жолға екі бала шығып, 2 теңге тауып алды. Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады?     (0)
  • Пойыздың 10 вагоны 15 км жол жүрді. Сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді?    (15 км)
  • 31 ақпан күні не болып еді? (31 ақпан болмайды)

ІІІ. «Бәйге» бөлімі:

Бұл бөлімде 30-дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол топ таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып «Сандар» тобына берейік.

Сол жақтағы 30: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/

Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешге тең?/11 см/

Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.

Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/

Ортадағы 50: Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер/сегіз саны/

Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады? (12)

ІҮ. «Полиглот». Мақал – мәтелді жалғастыр:

І топ:

  • Тоқсан ауыз сөздің,     (Тобықтай түйіні бар)
  • Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,    (Еменнің иілгені – сынғаны)
  • Жүзден біреу – шешен, (Мыңнан біреу- көсем)
  • Қонақ бір күн қонса – құт,  (Екі күн қонса – жұт)
  • Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,  (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)
  • Жаздың бір күні,  (Қыстың мың күнін асырар)
  • ІІ топ:
  • Айдағаның бес ешкі  (Ысқырығың жер жарар)
  • Жеті жұрттың тілін біл,  (Жеті түрлі білім біл)
  • Екі жақсы қас болмас, (Екі жаман дос болмас)
  • Отыз тістен шыққан сөз,  (Отыз рулы елге тарайды)
  • Бір кісі қазған құдықтан,  (Мың кісі су ішеді)
  • Досыңды үш күн сынама,  (Үш жыл сына)
  • ІІІ топ:
  • Елу жылда — ел жаңа, (Жүз жылда – қазан)
  • Өнерлі баланың он саусағы тең, (Өнерсіз баланың бір саусағы кем)
  • Жүзден жүйрік, (мыңнан тұлпар)
  • Жүз сомың болғанша,   (Жүз досың болсын)
  • Бас екеу болмай,   (мал екеу болмайды)
  • Ағайын алтау,   (Ана біреу)

ІҮ. Келесі бөлім ойын: «Жаңылмаймын»

І топ: «Сандар» тобы

1 – 20 сандарды санап, адымдап жүріп отырып, 3-ге бөлінетін сандарды атамай, оның орнына жаңылмаймын сөзін айтады. Мысалы: 1 , 2, ж. 4 , 5 , ж. 7 , 8, ж. 10, 11, ж. 13, 14, ж. 16, 17, ж. 19, 20.

ІІ топ: «Өрнектер» тобы

1 – 20 сандарды санап, адымдап жүріп отырып, 4-ге бөлінетін сандарды атамай, оның орнына жаңылмаймын сөзін айтады. Мысалы: 1 , 2, 3, ж. 5 , 6, 7 , ж. 9, 10, 11, ж. 13, 14,15, ж. 17, 18, 19, ж.

ІІІ топ: «Теңдеулер» тобы

1 – 20 сандарды санап, адымдап жүріп отырып, 5-ге бөлінетін сандарды атамай , оның орнына жаңылмаймын сөзін айтады. Мысалы: 1 , 2, 3, 4, ж. 6, 7 , 8, 9, ж. 11, 12, 13, 14, ж. 16, 17, 18, 19, ж

Ү. «Ойлан, тап!» бөлімі

І топ:

ІІ топ:

ІІІ топ:

Қорытынды:

Әділ қазыға сөз беріледі. Жеңімпаз ойыншыға марапаттау қағазы таратылады.

Турганбаева Динара

«Боранқұл орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

                                                      

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.