Home » Мақалалар » Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек.Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани — мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан–ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Нақты математикалық тақырыпты халқымыздың тұрмыс — салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың, өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмыс салтын ұғынуға үйретеді.
Мұғалім жан — жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет — ғұрып пен салт — сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.Қазақ ағартушысы М.Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс — жақын мен жақсы — жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» — дейді Абай Құнанбаев.
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым — қатынасты, салт — дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
«Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал — мәтелдер, даналық сөздер жүргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.

1.х2 — 11х+10=0/ х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2.х2 — 8х+7=0/ х1=1; х2=7
Жетіретөлшеп (бірреткес).
3.х2 — 9х+8=0/ х1=1; х2=8
Жігітсегізқырлы (бірсырлы).
4.х2 — 70х+1200=0/ х1=7; х2=7
Жетіжұрттыңтілінбіл
(жетітүрлібілім ал)
5.х2 — 10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағыкетеді
(төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
6.х2 — 1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000
Білімдімыңдыжығады (білектібірдіжығады).
Санғақатыстыжұмбақтар:
Бес, он, жиырма, елу,
Жүз, екіжүз, бес жүз, мың бар.
Әрқайсысыныңқұны бар. (Теңгелер)
2.100 мүйізі бар
Үстіндекиізі бар. (Киізүй)
3.Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жердентаңбасы бар.Бұлбұлдыжолғасалыпайдағанда,
Салатыннешетүрліжорғасы бар. (Домбыра)
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану –оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екіжілікке, төрт аяқ бөлінген. Біржілікті — 1/12 бөлік, біраяқты 3/12=1/4 бөлік.
Ет мүшелеу дегеніміз – сойылған малдың етін жілік – жілігі мен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәріжілік, жауырын сүйектеріне орай етмүшелегенде осы жіліктерді буын – буыны бойынша ажыратып жіліктейді. Жамбас — 2, ортан жілік — 2, асықты жілік — 2, бел омыртқа — 1, сүбе қабырға — 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға — 2, төс — 1, омыртқа — 1, жауырын — 2, тоқпан жілік — 2, кәрі жілік — 2, бұғана — 1, мойын — 1 етіп бөледі.

Ұлттық құндылықтардың бірі халықтық есептер. Табақ тарту есебі.
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады, не істеу керек» деген екен. Сонда қонаққанша? табаққанша?
Шешуі: Х қонақ, У табақ
3у — 3=2у+23у — 2у=3+2у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.
Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарын өзімнің сабақтарымда жиі қолданамын.

Тоғыз жиылып бір толғатқан

Бірін бірі буазғыз жуандатқан

Тоғызының киімі тоғызтүрлі

Келген кісі сияқты әртараптан…

Ал, балаларбұл не?

(математикалықцифрлар)

Тамам сөзді сөйлейді сөйледесе,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.

Сүйгенімді сөйлетті мәлденеше. (қарындаш)
Оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдыларын меңгертпей ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мақсатын түсіндіре отырып сабақтарда ақолдану қажет.
Киіз үйдің биіктігі 4м 20см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды.
Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (Анүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар.
Домбыраның басы (құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5 м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.
6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн.
Конус тақырыбын түсіндіргенде қазақ қыздарының басына киетін сәукеле ер адамдардың басына киетін тақияны айтып кеткен жөн.
Халқымыздың осындай асыл тәрбиелік мұраларын күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстыра оқушыларға жеткізіп отыру жасұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық тәлім береді. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайыншаоқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру  мүмкін болмайды. Еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын оны одан әрі дамытып өркендететін ұрпақ даярлау мақсатымыз!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Ұлттық құндылықтар негізінде білім берудің педагогикалық  аспектілері» (облыстық ғылыми-практикалық конференция)  25 желтоқсан Атырау, 2013 ж.
2.«Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға бағытталған сабақтың ажырамас бөлігі» (облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция) Атырау қаласы маусым 2014 жыл.

 

Еркегуль Кыдырбаевна Абитаева,
«№40 негізгі мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.