«Баланың ынтасын арттыру үшін
оқытылатын бір жаңалық болуы керек»
Ж.Аймауытов
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым — қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:
- оқушылардың өзара бірлескен іс — әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,
- еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,
- басқалармен өзін салыстырып түзеу,
- өз — өзіне сыни көзқараспен қарау,
- сыни ойлауды дамыту,
- еркін қарым — қатынас жасау,
- өзін — өзі жетілдіру
Қазіргі заман — математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (Білім ленд бағдарламасын) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы — есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс – шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Мен өз математика сабағымды тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлемін.
- Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;
- Сабақты белсене өткізіп, әр баланың еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Оқушыны дұрыс емес деп жазқамау, жауаптарға бірдей қарау;
- Тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдау;
- Дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;
- Жеке тұлға ретіндегі рөлін көтеру, тең дәрежеде қарым – атынас ұйымдастыру;
Топтың табысқа жетуі және жаңа ойлау жолдарын дамыту үшін топтарға топ ережелерін құру ұсынылды. Топтар мұғалімге бағыну, тыныштық сақтау, уақытқа бағыну, бір – бірін мадақтау деген топтық ережелерді құрды. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда диалогтің бес үлгісін басшылыққа ала отырып мен сабақтарымда Александер тәжірибесінде зерттелген диалогтің бес үлгісінің механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есептердің шығару жолдарын есте сақтауды анықтадым. Мысалы оң сандар, теріс сандар, қарама — қарсы сандар, рационал сандар, бүтін сандар, координаталық түзудің анықтамаларын үш топ қайталайды, диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісін жүргізді. Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық үлгісін, есептерді шешу мақсатында ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым. Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым. Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым.
Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс — тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша идеяларды ұсынады. Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді: оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықты дамыдыжәне зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды. Есептер шығару кезінде топпен жұмыс жасағанда білетін оқушылар есепті ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Есептердің критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға салу арқылы критерийдің не екенің түсінді. Есептің критерийін жазудағы мақсат есептің шешуде нені білу керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау диалогі мен критерий жазу есеп шығару барысында бірге жүріп отырды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылы оқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез – келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшклігі сол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты жеңуге баулыитын жоба.
Қаныбекова Гүлнара Адешбекқызы
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
«М.Әуезов жалпы орта мектебінің»
математика пәнінің мұғалімі