Жаңа білім жүйесі – заман талабы десек, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастар.Еліміздің гүлдеп, өркендеп, өркениетті елдің қатарынан табылуына жастарымыздың қосар үлесі зор. Сондықтан да олар барлық істе сауатты, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті.
Математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың танымдық ойлау қабілетін жетілдіре отырып, кез-келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білетін, шығармашылықпен еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелей алатын азаматтарды даярлауды мақсат еттім. Оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін, абстрактілі, логикалық ойлауын дамытуға ықпал етуін, пәнге деген қызығушылығын арттыруын, өзін-өзі бағалауға әрекет жасауын ұйымдастыру үшін «Марафон» компьютерлік бағалау технологиясының тиімділігі зор. “Марафон” бағдарламасының көмегімен мұғалім бір сабақта сыныптағы барлық оқушының білімін бағалап, топтық жұмыстар жүргізуге, тапсырмалар түрлерін өзгертіп отыруға мүмкіндік алады. Бұл технологияда оқушыны бағалау әрбір сабақта үздіксіз жүреді. Уақытты тиімді пайдалану жеке де, топтық жұмыс кезінде де оқушының өз білімін дәлелдеуіне тиімді. (Марафон бағдарламасының авторы информатика пәнінің мұғалімі – Дінисламов Ж.)
Бұл технологияда оқушы білімі формативті бағаланатындықтан бағдарлама олардың ынта-жігерін арттырып, білім алуға деген психологиялық дайындығын оң дұрыс бағытта қалыптастырады.
Сергіту сәттерінде оқушыларға ұжымдық іс-әрекет жасату арқылы логикалық есептерді шығарту уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген ақпаратты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдермен қызықтыра жеткізе отырып меңгертуге болады. Ал ЖАДА-ға(Жақын арадағы даму аймағы) есептеліп құрылған тапсырмалар кезінде шешімін білмейтін сұрақты көпіршелер пайдалану арқылы оң нәтижеге жетуге мүмкіндік алады. Бағдарлама сайыстық сипаттағы ойын түрінде жасалғандықтан, оқушы өзі көрсеткен нәтижемен білімін сараптап, жақсарған көрсеткішімен қызығушылығы артып, марапаттаумен қанаттана түседі. Оқушы өзі көрсеткен нәтижемен білімін сараптап, бұл сабақта алған ұпайлар санын келесі сабақта арттыруға тырысады.
Сабақты бағалау оқуды бағалау емес, оқыту үшін бағалау модулі бойынша жүреді.
“Марафон” бағдарламасы оқушыларды, топтарды берілген жауаптарына байланысты автоматты түрде бағалайды. “Марафон” бағдарламасында формативті бағалаудың төрт түрі қарастырылған:
- Дұрыс жауаптар үшін компьютер тарапынан бонустар, смайликтер және активтермен ұпайлар түрінде бағаланады.
- Өз-өзін бағалау.
- Бір-бірін бағалау.
- Сабақты бағалау.
- Сабақ соңында «Мониторинг» батырмасын басу арқылы сабақтың қорытынды бағасы шығарылады.
Оқу үдерісінде “Марафон” компьютерлік бағалау технологиясын қолдану:
— мұғалімдерге түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
— оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
— оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік береді.
— әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
— оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.
— оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді.
— оқушылардың ақыл-ойын дамытады.
— оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін тигізеді.
— оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады.
— оқушыларды ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
— оқушылардың тіл байлығын жетілдіреді.
— оқушылардың жан-жақты ізденушілігін арттырады.
— оқушының ой-өрісін даму қабілеттілігін арттырады,
— жеке дайындық, тапқырлық, шешендік қасиет, белсенділік қалыптастырады.
— оқушының танымдық белсенділігін арттырады.
— оқушыларды ғылыми көзқарасқа тәрбиелейді, оларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
— оқушыларды бір-бірінің пікірін тыңдап, құрметтеуге баулиды.
— оқушыларды пәннің мәнiн тереңiрек түсiнуiне негiз қалап, пәнге деген қызығушылығын арттырады, теориялық және шығармашылық қабiлеттерiн дамытады, тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған жаңаша ойлай бiлудi қалыптастырады және сол пәннен үнемі жоғары жетістіктерге жетіп, білім деңгейін көтеруге мүмкiндiк бередi.
Мамақатова Жаннат Садуақасқызы,
Қызылорда қаласы.
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Е.Әуелбеков атындағы «№ 4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
математика пәнінің мұғалімі.