Заман талабына сай білім беру — бұл оқушыларды адамгершілік, интелектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі — оқушы, оқушылар тобы, топ, білім беру ордасы болса білім сапасы баспалдақтардың әрбір буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң,келешегі тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан, оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс – әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы,қоғамдағы,ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс – әрекет, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы.
Мұғалімдердің маққсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны жан –жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің негізгі міндеті. Математика — ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет.
Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс – әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Апаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету.
Математика сабағында ақпаратты оқыту технологиясының озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының өз бетімен жұмысы;
- Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- Білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- Шығармашылық есептер шығару;
- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі;
- Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтежиелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымымен кеңейтуге ықпалы зор.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту құралы.Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету.
Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым –қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдылары дамыту, баға жетпес құндылытардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білеміз. Математика сабағында оқушылар сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әртүрлі стратегияларды, жаңа ақпарттық технологияларды (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы-есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық – коммуникациялы технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі: білім беруді ақпараттандыру процесі жайында жеке тұлғаның интеллектуалдық, қоғамдық, экономикалық, комуникациялық және ақпараттық сияқты іс-әрекеттерін түрлі салаларға қолдану арқылы құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады.
XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық ажет. Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін интерактивті тақта жасаумен шұғылданумен келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе күн дамытылып отырған ашық әдістемелік жүйе, оны оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау, үздіксіз процесс болу қажет. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болу ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдер. Осы үдеріспен бәсекеге қабілеті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Математика Қазақстан мектебінде» №6 2002ж.
- «Математика Қазақстан мектебінде» №1 2005ж.
- Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий» М,1989г.
- «Математика және физика» журналы. №4, 2006ж.
- «Информатика негіздері» №4 2008ж, №1 2010ж.
- Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004-20б.
Ергешова Маьрифат Раисовна
Түркістан облысы, Созақ ауданы,
Созақ ауылы, «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының бірінші
санатты математика пәнінің мұғалімі