Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.
Әдіс түрлері:
Ойын түрлері;
Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
Оқыту мәселелері.
- “Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
- “Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. - «Миға шабуыл» стратегиясы
(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
4. “3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”
5. «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.
Сабаққа не үшін келдіңіз?
Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін»
- «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
7. «Он сұрақ!» әдісі.
(Негізгі сөзді табу)
Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
8. «Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
— “Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
— “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
— “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
9. «Құпия зат»
– Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ
10. «Лездеме!» әдісі.
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
11.«9 — ромб» әдісі
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
- «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
- мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
- осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
- талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!
Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Бүгін біз мектепке жиналдық.
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар — кустаға келдік.
- Кері байланыс түрлері
«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
14. «Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
- Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
- «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 — баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН
2 — баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН
3 — баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН
- «Таңдау» әдісі.
- 1. Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
- 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
- 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
- 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.
- 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
- Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.17. Кері — байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны
- Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
- Чемодан(суреті)
- Қоқыс жәшігі (суреті)
- Еттартқыш (Суреті)
— Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Жоғарыда аталып өткен түрлі әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта жоспарланған апталықтар мен әдістемелік күндерде белгіленген ашық сабақтарымда кіргізіп, қолданыста көресіздер деген сенімдемін.
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.
Білім алу – батылдық, оны толықтыру –даналық, ал шебер қолдана білу – өнер.
Л.Ш. Ашықбаева,
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп,
Математика пәнінің мұғалімі,
Астана қаласы
zhursinkul66@bk.ru