Home » Жаңалықтар » Математика пәнінің ұстаздары білімдерін салыстырып көрмек

Математика пәнінің ұстаздары білімдерін салыстырып көрмек

2016 жылғы 12 қарашада № 59 мектеп-лицейде (Сауран көш., 5/1) орыс тілінде оқытатын математика пәні мұғалімдері арасындағы Олимпиаданың қорытынды екінші кезеңі өтеді.

Астаналық математика ұстаздарының білімін сынға салатын жарыс жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Биылғы Олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Оны Астана қаласының Білім басқармасы ұйымдастырып отыр.

Олимпиаданың басты мақсаттары мен міндеттері: ұстаздардың олимпиадалық есептерді және ҰБТ математика пәні бойынша тапсырмаларын шешуде дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру; математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру; өз кәсібінің үздік мамандарын анықтау; жоғары білімді, мобильді, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қазіргі мұғалімнің бейнесін қалыптастыру.

Қазан айында бірінші іріктеу кезеңі №31 мектеп-гимназияда өткізілді. Оған 70 ұстаз қатысып, нәтижесінде 36 мұғалім ақтық сайысқа жолдама алды.

Олимпиадаға қатысушылардың білімін Астана қаласы Білім басқармасының әдістемешілері, елордалық мектептердің жоғары санатты, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атанған 5 ұстаз бағалайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.