№56 қазақ орта мектебінде 22 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында бастауыш бірлестігінің «Математика патшылығына саяхат» тақырыбында апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру болатын.
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Апталық жоспарымен бастауыш сыныптарының бірлестік жетекшісі: Низанбаева Роза 22 қаңтар күні апталықтың жоспарымен таныстырып, оның мақсат міндетін түсіндіріп өтті. Дүйсенбі күні 4-сыныптар арасында «Кім тапқыр» сайысы өткізіді. 4б-сынып жетекшісі Бөлекова Рабиғаның ұйымдастыруымен өткізілді. Мұғалім сайыстың тақырыбымен және мақсатымен таныстырды. 4а,б-сыныбынан екі топ қатысты. 1. «Жүйріктер» 2. «Ұшқыр» Әділқазылар алқасын сайлап алды. 1 туры бойынша Сұраққа жауап сайысқа 10 ұпайдан қойылды. 4 цифр арқылы 5 таңбалы сан жазу. 2.Бір нүктесі бар сызықты қалай атаймыз? Ең кіші үш таңбалы сан? Деген сияқты сұрақтарға жауап берді. Тез есептен үйрен Мақал-мәтелдің құрамындағы санды табыңдар? Балалар белсене қатысты. Сайыс қызықты және тартымды өтті. Соңында «Жүйріктер» тобы 4а-сыныбы- 95 ұпай, «Ұшқырлар» тобы 4б-сыныбы – 90 ұпай жинап нәтижесінде 4 а сыныбы жеңіске жетті. Ерекше көзге түскен оқушылар Д.Алина, Н.Қалберген, Шымболат, Қ.Зұлхарнай, А.Асанбек болды.
Низанбаева Роза,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестік жетекшісі