Home » Ашық сабақтар » Математикада әлеміндегі ертегі

Математикада әлеміндегі ертегі


Исахова Жібек Анарбековна,
Астана қаласы
№79 «Шабыт» балабақшасының
тәрбиешісі

 

Білім саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс -қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Мақсаты: 5 көлемінде санды есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс — әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып — алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым — қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ — жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойындар, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде: суреттер, ұшақ, желім, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады

Билингвизм..
Іс — әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс — әрекеті;
Балалардың әс — әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
— Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
— Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге

Жылулық шеңбер.
— Қане, балалар барлығымыз бір — біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
— Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
— Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
— Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
— Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
— Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
— Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.Шапалақтайды.

—  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

—  Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

—  Көктем айларын білесіңдер ме?

—  Осы ай қалай деп аталады?

— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
— Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру туралы ашық оқу  қызметі.
Ұйымдастырылған оқу қызметі.

Балалар сендер ертегіні ұнатасыңдарма?

Ендеше айтыңдаршы қандай ертегілерді білесіңдер?

-Маша мен аю, жеті лақ, бауырсақ, қасқыр мен түлкі, қызыл телпек т.б

Ерте ерте, ертеде математика елі болыпты. Оны басқарған патшасы мен ханшайымы болыпты. Оларға цифрлар сандар, пішіндер, есепшілер,тәулік,кеңістік қызмет жасаған. Адамдар онда кіре алмапты, біркүні қатты құйын болып,математика елін ұшырып әкетіпті.Содан бері математика елін балалар басқарыпты.Өйткені математика елінде бәрі шашылып ,аударылып жатыр екен, балалар біз сол елге барып көмектесуіміз керек.

Бүгін біздер математика еліне көмектесуге барамызба?

Онда көп тапсырмалар болады. Тапсырманы дұрыс орындасақ математика елін орнатамыз, солай біз ертегіні аяқтаймыз.

Математика еліне бару үшін сиқырлы ұшаққа мінеміз.

Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

Билингвизмдік компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет, құс-птица.

Балалар біз ұшаққа міну үшін ,бізге қажет пішіндерді алып ұшағымызды құрастырып алайық.
«Ұшақты құрастыр» ойыны

Шарты: геометриялық пішіндерді атап айту арқылы ұшақтарды құрастырады. Енді міне, ұшақта дайын болды.

Енді математика еліне баруға болады.

Көзімізді жұмамыз бірден беске дейін тура және кері санаймыз.

1 -тапсырма.  1- ден 5- ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28 Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

  1. Мариям: Мені білгін келсе,
    Мен таяқша бірмін.
    Барлық санға жол бастап,
    Ең басында тұрамын.
    2. Сержан: Бірден кейін тұрамын,
    Сандар іші тұрағым.
    Бірге бірді қосқанда,
    Иіліп мен шығамын.
    3. Гүлсезім: Екіден соң әрқашан
    Үш саны боп қаламын.
    Қос мүйізі майысқан
    Ұлттық ою саламын.
    4. Нұрислам: Достар мені төрт дейді
    Беске бірім жетпейді
    Бірақ үшке ағамын
    Жақсысымын бағаның
    5.Амира:Әр қолда саусақ бес — бестен
    Шықпас тегін ол естен
    Біліп санның шамасын
    Мысал ойлап табасың.

Математика елінің қақапасына келіп жеттік.

Кәне балалар қақпаның ішіне кірейік, бізді қандай қызықтар күтіп тұр екен?

Ғажайып сәт:

Қақпаның арғы жағында, математика әлемінде балаларға көңілді Смешарик, Патрик және Гупка боб кездеседі.

Математика  еліне хош келдіңіздер балалар, біздің әлемдегі тапсырмаларды орындауға дайынсыздарма?
2 — тапсырма.   Логикалық есептер
1.- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
2.- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
3. — Қолда қанша саусақ бар?
4. Ағашта 5құс отыр, оның 2 — уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

6.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

7.Аспанда неше ай бар?

8.Адамда неше көз бар?

  1. Ұшбұрышта неше бұрыш бар?

10.Дөңгелекте неше бұрыш бар?

Жарайсыңдар балалар сендер жақсы орындадыңдар.

  1. — тапсырма . Жұмбақтар.
    Адамға серік, күзетке берік.(ит)
    Жүрегі бар, ізі жоқ,
    Қанатты бар, ұшпайды.
    Су астында қыстайды. (Балық)
    Мен атамнан қаштым,
    Мен әжемнен қаштым
    Таба алмадым атамды, әжемді.
    Үйімді сағындым.

Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

Жұмбақтардыда дұрыс шештіңдер.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4,- алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

 

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7 Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

 

Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 — ден 5 — ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

 

Балалар ойынды өте керемет ойнадыңдар.

Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.

Смешарик, Патрик және Гупка бобпен қоштасамыз.
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді үшаққа орналастырдық.
1 — ден 5 — ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік,логикалық тапсырмаларды орындадық.

Балаларды мадақтау. Смайликтер тарату.
— Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және пішіндерден ұшақ жасадық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу,ойындарға мұқият қатысу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған..

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.