Биыл біздің мектепке MIT-Казақстан «Ғаламдық оқыту зертханалары» бағдарламасы бойынша Массачусетс технологиялық институтынан студенттері келді. Осымен үшінші жыл қатарынан жалғасын тапқан бағдарлама аясында мектебімізгі келген қонақтар 10 сынып оқушыларына арнайы сабақтар беруде.
МІТ студенттерімен өткен элективті курстың бір аптасы артта қалды. Біз оқушылардан бұл аптаның қалай өткенің және не үйренгендерін сұраған болатынбыз.10-сынып оқушыларының айтуынша өткен апта кіріспе мен теориялық бағытта болды, ал алдағы күндері олар көбіне таңдаған жобалар бойынша практикалық жұмыстар жасайтынын айтты.
MIT студенттері Қазақстанда алғаш рет. Оларға жергілікті халықтың мәдениеті, ұлттық ас мәзірлері, қонақ жайлылығы ұнап, тіпті ауа-райы да қызық болып көрінуде екен. Студенттерден де сұхбат алып пікірлерін сұрадық
Виолет Фелт Массачусетс Технологиялық институтында химиялық инженериямен айналысады. Студент химия пәнінен «Ойдан зертханаға дейін зерттеу» атты бағдарлама даярлап келген. Оқушылар тәжірибе сабақтары арқылы химиялық элементтердің белгісіз қосындыларын қалай ажырату керектігін үйренеді.
Кристофер Вомак Массачусетс Технология институтында аэроғарыштық инженерия мен зымыран жасап шығару құрылысын меңгеруде. Студент аэродинамика және зымыран құрастыру бойынша бағдарлама жасап келді. Осы курста оқушылар таңдаған жоба бойынша зымыран құрастырып, ауа мен судың қысымын пайдалана отырып, оны іске қосатын болады.
Рени Шеблер Массачусетс Технология институтында аэроғарыштық инженерияны оқып жатыр. Студент физика пәнінен бағдарлама жасап келген. Оқушылар энергияның түрлерін үйреніп, олардың қолданысын білетін болады. Соңында оқушылар Руб Голдбергтің машинасының принципі бойынша өздерінің механизмдерін жасап шығарады.
Студенттердің айтуынша мектеп оқушылары өте ақылды және осындай мүмкіншілігі бар мектепте оқу олар үшін де арман екен.