Италяндық атақты педагог-гуманист, философ Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда дүниеге келді. Әкесі үлкен қызметте, ал шешесі оқымысты Мария кішкене кезінен білімге, әсіресе математикаға құштар болып өсті.
Ол 12 жасында ерлерге арналған техникалық мектепке түседі, ол кезде әйелдерге оқуға рұхсат етілмеген болатын. Ол ерлермен оқып қана қоймай, оны үздік бітіріп шығады. 1890 жылы жаратылыстанумен қатты әуестенген Мария Мантессори балалар дәрігері болуды армандайды.
Бірақ та Италияда Медициналық білім алуға XIX ғасырдың аяғында әйелдерге мүмкін емес еді! Медицинамен айналысып, университетте білім алуға тек еркектер ғана құқылы болатын. Алдына мақсат қойған қайсар қыз өз дегеніне жетіп, университет студенті атанады. Оған оқу оңай соқпады, курстас ер балаларға күлкі болмас үшін түнделетіп жалғыз өзі моргта жұмыс істеді.
Оқуға төленетін ақыны табу үшін университет клиникасында еңбек етіп, сол жерде алғаш рет дамуында кемістігі бар, қимыл-қозғалысы нашар дамыған балаларды көреді. Осы балаларға күнделікті бақылау жасаудың арқасында Мария Монтессоридың педагогикалық жүйесі дүниеге келеді. Оның ойынша мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды айналаны қоршаған ортамен таныстыруда, баланың ой-өрісін дамытуға арналған арнайы орталықтар болу керек. Осы және басқа тақырыптарды көп зерттеп, диплом жұмыстарын да осы тақырыпқа арнаған Мария Монтессор Италиядағы алғашқы дәрігер-әйел болды. Сан-Ажиованни клиникасында дәрігер ассистент болып еңбек жолын бастап, университетте лекциялар оқиды, оның шығармалары европалық журналдарда жариялана бастайды.
1897-98 жылдары педагогикалық лекцияларға қатысып, білім беру жүйесіндегі кемтар балалармен жұмыстар және олардың қабылдау терапиясы негізін зерттейді. Атақты франсуз психиаторлары — Жан-Поль Гаспар Итара мен Эдуард Сегеннің еңбектерімен танысады, оларды өзі аударып, пайдалана бастайды. Сол Эдуард Сегеннен арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүргізілген тәрбиеден «жүз тентектін жиырма бесі қалыпты адамға айналатының» біледі. Монтессори еңбектері бағаланып, 1898 Италия үкіметі ақыл есі кем балаларды оқытатын мұғалімдерді даярлайтын Ортофреникалық институтын ашады, оны Мария Монтессори басқарады.
1901 жылы М.Монтессори Рим университетінің философия факультетіне оқуға түсіп, экспериментальды психология мен педагогикамен айналысады, антропологиялық кафедраны басқарып, «Психологиялық антропология» атты еңбегін жазады.
1907 жылы италяндық миллионер Эдуарда Таламоның көмегімен алғашқы «Балалар үйі» ашылады. М.Монтессори өмірінің сонына дейін дені сау балаларды тәрбиелеу мен білім беру жолында еңбек етті.
Балалар үйіндегі жұмыс түбегейлі Монтессори принциптеріне бағытталған, онда әр жас ерекшелігіндегі балаларға ыңғайлы етіп жасақталған болды.
Онда алғашқы сенсорлық, математикалық және тілдік материалдардың жиынтығы құрылды. Балалардың табиғи даму заңдылығын түсіну, тендесі жоқ автодидактикалық орта, балаларға деген махаббат пен құрмет, материалдарды ұсына білу (презентация), топтардағы балалардың әр түрлі жас ерекшелікте болуы – осынын барлығы тамаша нәтижие көрсетті. Осылайша «Балалар үйіне» жан-жақтан, бүкүл әлемнен қонақтар келе бастайды, Монтессоридің жолын қуушылар мен шәкірттері пайда болды.
1910 жылы Балалар үйіне Льев Толстойдың қызы Татьяна Сухотина-Толстая келеді. Ол Монтессори мектебінде өзінің әкесінің арман-ойларының орындалып жатқаның көреді. Ал 1914 жылдан бастап Россияның халық ағарту министерствосы осы «Балалар үйіне» балалар тәрбиесіндегі халық ағартушылар тобын жібереді, оның арасында Юлия Фаусек болды. Ол кейін өмірінің 30 жылын осы Монтессори әдістемесін Рессейге таратуға арнады.
Италия өкіметі Мария Монтессориді 1922 жылы мектептердің мемлекеттік инспекторы етіп тағайындайды. Кейін 1929 жылы Мария баласымен бірге Халықаралық Монтессори Ассоциациясын (АМI) ұйымдастырады, ол осы кезде де жұмыс істеуде.
Жылдар өткен сайын Монтессори әдістемесінің беделі өсіп, оны Испанияға, кейін Англияға шақырады. Ол сонда 1932 жылы Индира Гандимен танысады. Монтессори курстарына атақты психологтар да қатысады, олардың арасында Фрейд, Жан Пианс, ал Эрик Эриксон оның оқушысы болды. 1934 жылы Монтессори мен фашистік үкімет арасындағы қатынасы бұзылып, ол біржолата Италияны тастап кетеді. Оны Америкаға достары шақырады, ол ешкімге тәуелді болғысы келмеді — өзің әлем адамы санады. Мария Испанияда, кейіннен Голландияда тұрады. Екінші дүние жүзілік соғысты басталғанда ол Англияда болатын, оны жау елінің өкілі ретінде ол елден қуады.
Оны Индияның теософтар қоғамы шақырып, ол баласымен ол елде 7 жыл тұрады. Ол елдін үлкен қалалары Мадраста, Карачиде лекцияларын оқып, Кодайканалда өз мектебін ашады. Ол осы елде ғана оның әдістемесін қабылдауға адамдар рухани дайын екендігін айтты. Осында ол өзінің 6-12 жастағы балаларға арналған әдістемесін бастады. Мария Монтессори адамзатқа: «Біздің басты кемшілігіміз – үлкендер өркендеудің, дамудың ортасында жүреді,. Егер үкімет өз көзқарасын балаларға, олардың жан-дүниесіне аударса біз бейбіт өмір құра алар едік. Білім беру – бейбітшілік қаруы» — деген ұраның арнады. Соғыстан соң ол Европаға қайта келіп Нидерландыға қоныстанды. Соңғы қорытынды жұмыстары «Разум ребенка» атты еңбегінде (1952 ж) М.Монтессори педагогика саласында жаңа бағыт – баланың 3 жасқа дейінгі дамуын жасап қана қоймай, үлкендерді балалардың басқа жағынан көруіне жол ашты. М.Монтессори 1952 жылы Голландияда, Ноордвик-ан-зееде қайтыс болды. Ол тірі кезінде Нобель сыйлығына ұсынылды. Бірінші Монтессори ұйымдары АҚШ (1915 ж), Голландияда (1917 ж), Аргентинада (1927 ж), Швейцарияда (1932 ж), Англияда (1933 ж), Индияда (1940 ж), Пакистанда (1949 ж) құрылды. М.Монтессоридің баласы Марио АМИ – ассоциациясын өмірінің соңына, 1982 жылға дейін басқарды. Казір Монтессори ассоциациясы Германияда, Италияда, Францияда, Россияда, Қытайда, Жапонияда және т.б. елдерде бар. Бүкіл әлемде мыңдаған Монтессои мектептері жұмыс істейді. 1988 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша XX- ғасырдағы педагог ойшылдардың төрттігіне кірді.
Олар: Джон Дьюи,
Георг Кершенштейнер,
Мария Монтессори,
Антон Макаренко.
Европа елдерінде Евро енгізгенше М.Монтессоридің суреті 1000 лирде бейнеленген болатын.
(Бұл дүниежүзіндегі банкноттарда бейнеленген жалғыз педагог)
Л.Р.Жалымбетова
МКҚК № 11 «Аружан» б/б әдіскері
Шымкент қаласы