Мамирова Асиям Ризайдиновна,
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылы,
М.Жалилов атындағы орта мектеп география пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
Еуразияның арктикалық, субарктикалық климаттық белдеулерінің табиғат зоналары жөнінде түсіну, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдылану. өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу.
Нәтиже: Еуразияның табиғат зоналарымен танысып біледі.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
- Әңгіме-дәріс, өз бетінше білім алу, іздену
- Кестемен жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, видеотаспа, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
- Еуразияның өзендері?
- Еуразияның көлдері?
- Еуразияның батпақтары?
- Еуразияның жер асты сулары?
- Еуразияның қазіргі заманғы мұз басуы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Әңгіме-дәріс, топтық жұмыс
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
- Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Еуразияның арктикалық және субарктикалық табиғат зоналарын түсіндіру.
1 топ — Арктикалық шөл
Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -400С-тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарда мұз басып жатыр. Өсімдіктерден мүк, қына, балдырлар өседі, Жануарлардан ақ аю мен ақ тұлкі кездеседі.
2 топ- Тундра мен орманды тундра
Толық жетілмеген батпақты топырақтағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал белдеу. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Тундрада ең көп тараған өсімдік-бұғы мүгі. Оңтүстікке жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады. Мұнда жануарлардан солтүстік бұғысы, бұлан, қоңыр аю, қоян, саңырау құрды кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен қалған қойөгіз тіршілік етеді.
Қорытындылау.
Сұрақ-жауап. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
- Еуразияның табиғат зоналары?
- Еуразияның табиғат зоналарының таралып орналасуы?
- Табиғат зоналары дегеніміз не?
- Еуразияның арктикалық табиғат зоналары?
- Еуразияның субарктикалық табиғат зоналары?
Кері байланыс – не білдім, не үйрендім
Үйге тапсырма беру.
Үйге: Еуразияның табиғат зоналары.
Рефлексия (көңілді смайликтер арқылы)