Home » Білім және тұлға » Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Мен, Қаңтар Толқын «Жер саласы» мамандығын таңдағаныма және осы салада жұмыс істеп жүргеніме мақтанамын. Себебі бұл мамандық бұрында да, бүгін де, болашақта да сұранысы өте жоғары мамандақтардың бірі болатынына сенімдімін. Қазақ елінде ата-бабамыздан бері санамызда жер мәселесі алдыңғы қатарда болған, қазіргі кезде де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кең байтақ жеріміздің үлкен ресурстарын дұрыс және болашағымыз үшін тиімді пайдалануға үлкен көңіл бөлуде. Бұл жайында Елбасымыздың жолдауларында кеңінен айтылған. Қазақ елінің талай жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Осы тәуелсіздігімізге жету үшін қаншама батырларымыз, ардақты азаматтарымыз құрбан болды. Солардың орасан зор еңбектері бос кеткен жоқ, бұған дәлел 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, әлемге танылдық. Еуразия кіндігінде орналасқан, әлемдегі жер көлемі бойынша 9-орын алатын, 2724902 км² құрайтын территориямыз бар, 5 мемелекетпен шектесеміз. Осы кең байтақ жерімізді ең алғаш болып қағазға түсірген Алаш ардақтыларының еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Бұны былай айту себебім Әлихан Бөкейханов бастаған алаштың зиялы қауымдары бірлесіп, бүкіл Қазақстан Территориясын арбалап жүріп, қағаз бетіне балық іспеттес картаны сызып көрсеткен. Қағазға түскен картаны Лениннің қол коюымен заңды түрде бекіткен. 1991 жылы Елбасымыздың үлкен, орасан зор, қажырлы еңбегімен осы картаға негізделе отырып БҰҰ-да бүкіл әлемге өзіміздің территориямыздың заңды иесі екендігімізді дәлелдей отырып, әлем картасына тәуелсіз Қазақстан Республикасының шекарасын шегелеп бекіттік.

Тәуелсіздігімізді алған күннен бастап Елбасымыздың басты мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл әлемге мойындату болды. 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ШОС, МАГАТЭ, ЭЭС, ВТО және т.б. әлемдік беделді ұйымдарға мүше болып қабылдандық, әлемдегі ең қуатты ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық, сыртқы саясатымызды ынтымақтастық, достық, бейбіт жолдармен жүргізе отырып, Қазақстан Республикасының территориясының тұтастығын, мызғымастығын, жерімізге ешкімнің қол сұғуына, тәуелсіздігімізге нұқсан келтірілмейтініне кепілдеме алдық. Осы жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмау үшін Елбасымыз Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдауда. Бұл жолдауларда еліміздің болашағын айқындап, болашаққа бастар жолдың бейнесі. Елбасымыздың жолдауларының ең басты мақсаты – Мәңгілік Ел актысыне қол жеткізу. Қазақстан елі осы жолдауларды орындай отырып, әлемдік сахнада Мәңгілік ел атануды көздейді. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет тарапынан еліміздің азаматтарына үлкен қолдаулар мен мүмкіншіліктер жасалып жатыр.

Қазіргі таңда Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын орындаудамыз. Бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына ұлттың кіру жөніндегі жоспары «100 нақты қадам» елімізге «2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Әрбір еліміздің азаматтары осы жоспарларды толыққанды түсініп, жауапкершілікпен атсалысса, біздің ел болашағы жарқын болады деп сенемін.

Елімізге көптеген инвестициялар тартылуда, қаншама зауыт-фабрикалар салынуда, ел ордасы Астанада өтетін EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне ие болдық. Осы көрмеге қатысуға 3 ай көлемінде 2 миллионға жуық адам келеді деп көзделуде. Бұндай ауқымды халықаралық шараны өткізу еліміз үшін үлкен сын болып отыр және осы сыннан біз –қазақстандықтар абыроймен, жоспарлағандай үлкен дәрежеде өткізуіміз қажет. Осының бәрі біздей тыныштығы жарасқан, болашағы жарқын мемлекетімізге әлемнің түпкір-түпкірінен назар аударылуда. Осы бағытымыздан аумай, сыртқы толқуларға кідірмей, қулықтарына ілінбей өту баршамыздың ел алдында, болашақ ұрпақтарымыз алдындағы парызымыз. Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтарымыздың қолында, яғни қазіргі оқу орнына түскен және түсуші білімгерлер. Қазіргі заман талабына сай сапалы білімді, біліктілігі жоғарғы мамандарды талап етуде. Жоғарыда айтып өткендей, «100 нақты қадам» жолдауының 77-ші қадамында «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдынғы қатарлы колледж бен он жоғарғы оқу орындарына білікті кадрларды әзірлеу керек» деп айтылған және осы талаптарды орындау, стандарттарға сай болу үшін, білімгерлерге сапалы заманауи білім алуға мемлекет тарапынан толық мүмкіншіліктер жасалып жатыр.

– Болашақ студенттер, бұрында осындай мүмкіншіліктер болмаған, осы қазіргі мүмкіндіктерді жіберіп алмаңдар! Сіздер қазір өмірлеріңіздің жауапты сәтерінің бірінде, таңдау үстінде тұрсыздар. Осы таңдауларыңнан қателеспеу үшін сіздерге мұғалім реттінде айтарым: болашақ мамандықтарыңды таңдаған кезде сіздер өздеріңізді болашақта армандаған белгілі бір маманның жай ғана маманы емес, үздік маманы бола аламын деп және үлкен жетістіктерге жете алатындарыңа ішкі жан-дүниелеріңмен сенімді болыңдар! Сонда сендер тандауларыңнан қателеспейсіңдер деп есептеймін. Армандарға қол жеткізу бірінші жасаған қадамнан басталады, сол бірінші қадамдарың, таңдауларың сәтті болуына тілектеспін. Менің мамандығым, яғни жер саласы мамандығы қазіргі таңда өте үлкен сұраныста. Жер саласы мамандары әлемнің барлық дамушы елдерінде үлкен сұраныста және біздің елде даму барысындағы елдер қатарында. Біздің еліміз үлкен, ауқымды, әлемді таң қалдырарлықтай, тамсандыратын жобаларды іске қосуда, осы даму барысы әлі де кем дегенде 60-70 жыл даму барысын бастан кешеді. Егер де сіздер осы жер саласы мамандығын таңдасаңыздар, болашақта үлкен сұранысқа ие болатындарыңызға және оқуды жақсы, ойдағыдай аяқтаған соң жұмыс орнына орналасу сіздерге оңай және тез болатынына сенімдімін. Осы тұста біздің Жамбыл политехникалық колледжі аталған талаптарға сай болу үшін жан-жақты, үлкен еңбек етуде. Біздің колледжіміз Жамбыл облысында алдынғы қатарлы, абыройлы оқу орнындарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Біздің колледжімізде білімгерлерге таңдаған мамандықтары бойынша сапалы білім алу үшін әкімшілік және мұғалімдер тарапыннан сол сапалы білімді беруге біздер толық дайынбыз. Мен білімді болашағымызға сенемін!

 

Қаңтар Толқын

Жамбыл Политетехникалық

колледжінің оқытушысы,

ауылшаруашылығының магистрі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.