«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан тәуелсіз Ұрпағы» Қоғамдық Бірлестік жоба координаторы, психолог Гумарова Гулмира Бөкенқызы «Мамандық таңдауда жасөспірімді қалай қолдау керек?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Педагогтарды отбасында жасөспірімдік шақтағы баланың психологиялық жас ерекшеліктерін ата-ана қалай ескеру керек және бала бойындағы қабілеттерді жан-жақты дамытып, ашылуы үшін ата-аналар қандай жағымды және оңтайлы жағдайларды жасау қажеттігі жөнінде жаңа мәліметтермен таныстыру мен жеке тұлғаның дамуындағы ата-ана рөлінің маңыздылығын атап көрсету мақсатында өткізілген шараға институттың курс тыңдаушылары қатынасты.
Шара барысында жасөспіріммен ортақ тіл табыса білу, олардың әрекетін жұмсақ түрде түзете білу және отбасында жағымды ахуалды қалыптастырумен қатар балаға сенім білдіру мәселелері сөз болды.
«Өрлеу»Атырау баспасөз қызметі