Қазіргі білім беру жүйесі білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың өзіне лайықты мамандықты таңдау арқылы терең игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушылары арасында тарих пәні мұғалімдері Рабиға Бердіхожақызы, Сандуғаш Маралқызының ұйымдастыруымен «Мамандықты таңдау- келешекті таңдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды таңдай білу мәселелері төңірегінде ой бөлісу үшін «Ноғайбаевтар халықтық отбасы»ансамблінің көркемдік жетекшісі,Қ.Р еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ә.Ноғайбаев,аудандық орталық аурухана психо-неврология және туберкулезге қарсы күрес бөлімінің меңгерушісі,аудандық мәслихат депутаты Нурлан Әмір,Шиелі индустриалды-аграрлы колледж қызметкерлері Ә.Аманбай жәнеР.Қошқарбаев,АІІБ жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспек-торы,полиция лейтенанты Әнефияев Лесхан және Шиелі аудандық Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурсы орталығы КММ-нің өкілдері қатысты. Кездесу барысында Ә.Ноғайбаев «Ұрпағыңа мұра ретінде қалдыратын мамандық таңдаған дұрыс»десе,оқушылар тарапынан қойылған сұраққа байланысты Нурлан Әмір мырза «Биыл оқу бітіргелі отырған балама мамандық таңдауда бағыт-бағдар беремін,егер менің жолымды қуып,дәрігер боламын десе таңдау өзінің қолында екендігін айтып әрқашан қолдап отырамын»деді.Шиелі индустриалды-аграрлы колледж қызметкерлері атаулы оқу орны базасында аймағымызға қажетті болып табылатын түрлі мамандық иелерін дайындап шығаратындығын,сондықтан осы оқу орнына білім алуға түлектерді шақыратындықтарын жеткізді.
Ия, адам өз ісін жан-жүрегімен сүйіп, барынша беріліп істегенде ғана білікті маманға айнала алады. Ол үшін тұлға өзінің қандай мамандыққа бейім, лайықты екенін, болмысына қай кәсіп жақындығын,нәсіпті қай кәсіптен табатындығын, өзінің қандай қарым-қабілетке ие екенін анық білуі тиіс. Мектеп директоры А.Архабаева биылғы бітірушілер ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, мықты маман иесі болады деп сенім білдіретіндігін айта келе,өз сөзін Әбунасыр Әл Фарабидың мынадай сөзімен аяқтады: «…. адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» Кеш соңында мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Г.Махаш: Тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер қазір Қазақстандағы жас мамандардың 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін көрсеткен. Ал, оқушылардың 70 пайызы мамандықты дұрыс таңдау жолдарын білмейді. Сондықтан осындай кәсіптік бағдар беретін іс-шаралардың оқушылар үшін маңызы зор екендігін айта келе,қонақтарға алғысын білдірді.
Рабиға Бердіхожақызы, Сандуғаш Маралқызы
Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда»
мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері