Петропавл қаласының
«Ғабит Мүсірепов атындағы
№ 43 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әубәкірова Ләззат Ерденқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әр түрлі мамандық туралы мәлімет беру, оларды танып-білуге үйрету, заманауи мамандықтармен таныстыру, тіл ұстарту.
Дамытушылық: оқушыны өз сүйікті мамандығы туралы ойын толық жеткізе білуге баулу, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: мамандықты дұрыс таңдауға баулу, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ұлы адамдардың сөздері, презентация, флипчарт, бейне сұрақтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: коммуникативтік, интерактивтік.
Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.
Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.
Балалар, сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай, осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.
Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал, сендер ше, балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.
Оқушылар:
Біз сендерге сабақта бестік баға алуларынды, сәттілік, жақсылық тілеймін.
Біз бәрімізге жақсы көңіл күй тілейміз, денсаулық тілейміз.
Біз сендерге сабаққа белсенді қатысуларыңды тілейміз.
Қазір әр топқа мен пазлды таратамын сендер өздеріне ұнаған пазлды аласыңдар.
Таңдап алдық па? Жақсы. Енді кім қызыл түсті алды мына үстелге отырасыңдар; жасыл түсті екінші үстелге, ал сары түсті үшінші үстелге отырасыңдар. Енді өз топтарында жаңағы пазлды жинайсыңдар. Қандай мамандық атауы шықты?
1-ші топ — экономист
2-ші топ — бағдарламашы
3-ші топ — менеджер
Мұғалім: Рақмет, орындарыңызға жайғасыңыздар./Топ басшылары бағалап отырады, бағалау парағын тарату.
- Лексикалық минут.
– Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қалай аталады?
– Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз Қазақстан Республикасы деп аталады.
– Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
– Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет.
– Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?
– Қазақстан тәуелсіз Республика болып 16 желтоқсан 1991 жылы жарияланды.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қай тіл?
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
- Үй жұмысын тексеру. Диалог құру. Мамандықтар
Мұғалім сөзі: Балалар, сабағымызды http://www.youtube.com/watch?v=W1nyDVFK1LI сілтемесі бойынша бейнефильмді тамашалайық
Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (мұғалім, дәрігер, аспаз, заңгер, суретші, құрылысшы, кітапханашы, күзетші, шекарашы, тәрбиеші, сыршы, ұшқыш, ғарышкер, жүргізуші, шаштараз, сәулетші, балташы, даяшы, зергер, орманшы, кенші, т.б.)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мамандық әлемінде»деп аталады.
Сабағымыздың мақсаты: «Әр түрлі мамандық туралы мәлімет аламыз. Заманауи мамандықтармен танысамыз және мамандық таңдаймыз.
Балалар, тақтада Ұлы адамдардың сөздері жазылып тұр. Мағынасын ашу (оқушылар).
Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э.Ф.Зеер (ғалым)
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады” Н. Ә. Назарбаев.
Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)
– Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)
– Колледжде қандай білім алады? (орта арнаулы)
– Университет пен академияда қандай білім алады? (жоғары)
«Бұл кімдер» өлеңінен бастағым келіп отыр.
Сендер мына күнделікті келіп жүрген, өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пысыратын адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз. «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқан екен. Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаулы мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.
Слайдтар: МАМАНДЫҚТАР
— Мына суреттерде не көріп тұрмыз?
ІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа сөздермен жұмыс.
Мамандық — профессия
Жалақы (еңбекақы) — зарплата
Жоғары төленетін – высокооплачиваемая
Танымал (атақты, белгілі, әйгілі) — известный
Тәжірибелі — опытный
Бағдарламашы — программист
Жаңа сөздерді хормен қайталайды
Жаңа сөздерді сөздіктеріне жазып алыңдар.
2) Сөз тіркестерін аударыңдар.
Опытный педагог —
Неопытный молодой специалист —
Высокооплачиваемая профессия —
Известный ученый —
Месячная зарплата —
Программист – современная профессия —
Мәтінмен жұмыс (Әр топқа мәтін таратамын). Мәтінге критерий бойынша жұмыс.
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә) Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемдерде берілгенін табу.
Б) «Домино» әдісі бойынша жуан, жіңішке сұрақтар құрастыру./басқа топ жауап береді.
І- топ: «Экономист»
Бүгін экономист болу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымал мамандықтар қатарына кіреді және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Экономист жұмысы тек талап етілген емес, сонымен жоғары төленетін болып табылады. Бастаушы экономист жалақысы 500 доллар, қаржы директоры болып сіз ай сайын 2500-3000 доллар ала аласыз. Көптеген ЖОО-да, олардың негізгі бағытына қарамастан, экономикалық факультет барын байқамау мүмкін емес. Соңғы жылдары экономикалық білімнің мамандандыруына үлкен екпін жасалады. Әрбір жоғары оқу орыны өз саласының экономисттерін дайындайды.
ІІ- топ: «Бағдарламашы»
Бұл мамандықтың мамандары әрқашан талап етіледі! XXI ғасыр – бұл жоғары технологиялар ғасыры. Осыған байланысты IT мамандарға қажеттілік өте жоғары. Сонымен бірге бұндай еңбек лайықты төленетінін ескеру керек. Соңғы санақ деректеріне сәйкес, тәжірибелі бағдарламашылар ел бойынша ең жоғары еңбекақы алады. IT мамандарға жұмыс табу қиын емес. Көп студенттер оқып жүріп тұрақты жұмыс табады. Жұмыс тәжірибесісіз «айтишник» еңбекақысы айына 500-800 доллар құрайды. Ал тәжірибелі маманның орташа жалақысы шамамен 1500-2500 доллар. Экономисттер, заңгерлер мен «айтишниктер» бизнесте, мемлекеттік құрылымдарда, экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді.
ІІІ- топ: «Менеджер»
Бүгінгі таңда менеджер мамандығы танымал. Әр түрлі бағыттағы менеджерлер жоғары бағаланады. Бір де бір компания менеджмент облысында жақсы мамансыз істей алмайды. Кез келген газетте немесе ғаламтор сайттарында менеджер жұмысына бос орынға ұсыныс табуға болады. Орташа буындағы менеджер үшін жұмыс берушілер 1500-2000 доллар еңбекақы ұсынады. Бүгінгі күні барлық ЖОО «Менеджмент» мамандығы бойынша мамандарды дайындайды. Менеджмент облысындағы мамандар ешбір нашар дайындамайтынын ескеру керек.
Сергіту сәті
- Деңгейлік тапсырмалар.Топтық жұмыс
1-топ» Сэнквейн жазу.
Бес жолды өлең»стратегиясы
1. Зат есім экономист
2. Сын есім (2сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Сөйлем (4 сөз)
5. Зат есімге мәндес сөз
2- топ «Пицца »әдісі бойынша сұрақтар құрастыру.
3-топ Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог
құраңдар.
— Сен кімсің?
— Мен 9 сынып оқушысымын.
— Сенің әкеңнің мамандығы қандай?
— Менің әкемнің мамандығы – дәрігер.
- Жаңа сабақты бекіту
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар./Сын есімді қайталаймыз
Ең жасыл———— (эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)
Ең тәтті—————— (аспаз, кондитер)
Ең ақшалы————— (банк қызметкері, экономист)
Ең күлкілі—————— (клоун, әзілкеш)
Ең жауапты —————– (сот, есепші)
Ең салмақты—————— (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті—— (бизнесмен, кәсіпкер)
- Бейне сұрақтарға жауап берейік.
v Мен бейне және дыбыс жазу маманымын. Жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасаймын. Менің мамандығым қалай аталады? (клипмейкер)
v Суретке жан бітірушімін. Бұл қандай мамандық? (аниматор)
v Көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін маманмын. Сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіремін. Сонымен менің мамандығым қалай аталады деп ойлайсыңдар? (витражист)
v Мен түстердің ұтымды қолданудың маманымын. Менің мамандығым қалай аталады? (колорист)
v Түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушымын. Бізді белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Менің мамандығым аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет етеді. Бұл қандай мамандық деп ойлайсыңдар? (продюсер)
Жұмбақ жасыру
- Мектептің жүрегі, білімнің тірегі. (Мұғалім)
- Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
- Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
- Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
- Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды. (Маи қызметкері)
- Тыныштықты отанның, күзететін адам кім? (Шекарашы)
- Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
- Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші)
- Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір. (Аспазшы)
- Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)
- Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып. (Сатушы)
- Ол көлікті тізгіндейді, жол жөнекей қсасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)
Сөйлемдерді толықтырыңдар.
- Мекеме қызметкерлері ай сайын … алады.
- Бред Пит – әлемге … актер.
- Компьютерді орнату үшін … керек.
- Біздің мектепте … мұғалімдер көп.
- Бағдарламашы – … төленетін мамандық.
Үй тапсырмасы: «Қазақстанға қажет мамандар» тақырыбына әңгіме жазып келу.
- Бағалау. Қол шапалақтау арқылы қандай топ қалай жұмыс істегенін көрсетейік. Топ басшылары бағалайды.
1-ші топ; 2-ші топ; 3-ші топ. Рақмет, барлықтарың жақсы жұмыс істедіңдер.
VІІІ. Рефлексия кезеңі
Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?» (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі)
Мұғалім сөзі: “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтағым келеді.