Home » Ашық сабақтар » Мамандық

Мамандық

 

 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.2.1 — оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу. 8.3.1.4 — мұғалім қолдауымен сөйлеу барысында есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы мамандық түсінігі туралы олардың адамның өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып өз бейіміне, қабілетіне сәйкес мамандық таңдау білуіне ықпал етеді. Оқушылардың көпшілігі мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейтеді; Оқушылардың кейбірі Тыңдаған үзіндінің толық мазмұнын түсіне алады; Оқиғаның логикалық дамуын көбіне дұрыс болжай алады.

Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

АКТ-ны қолдану дағдылары: «Мамандық таңдау» бейне жазба

Дискриптор * Бейне жазбаны көреді, түсінеді. Тақырып аясынан ауытқымайды * Сөйлем құрай алады. Қ.Б. арқылы
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: Мүмкін, шығар көмекші етістігінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады. Пән лексикасы және терминология: Мамандық тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен терминология. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің болжауым бойынша келесі үзіндіде  баяндалады. Менің пайымым бойынша келесі үзіндіде  баяндалады.

Осыған дейін меңгерілген білім Лексикалық тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер. Сабақ барысы: сәлемдесу, ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Дереккөздер

Сабақ басы 5 мин

Үй тапсырмасы.

5-минут Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Суреттердің қиындыларын біріктіріп, топтарға бірігеді; * Суреттерде не бейнеленгенін сипаттайды * Берілген суреттерді біріктіріп, сөйлем құрайды. 1-топ «Білім саласы», 2-топ «Медицина саласы» 3-топ«ITсаласы» Болашақ мамандықтары. Топтық жұмыс. «Джиксо әдісі» арқылы үй жұмысын сұрау. Мамандық, кәсіп, еңбек сөздерін тәуелдеу. Менің мамандығым,… . Сенің … . Сіздің … . Оның … . «ауызша» Топтар бір-бірін бағалау. Жұлдызша арқылы

Сабақ ортасы: 10 мин

5 мин. Білу.Тыңдалым. Бейне жазба арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. Ой түрткі сұрақтары арқылы жауап беру. Жеке жұмыс. Балалар қандай мамандық иелері біздің қалада тұрады? Қандай мамандық атауларын білесіңдер? Кімге қандай мамандық ұнайды?”Әңгімелеп беріңдер. Әр оқушы өзіне ұнайтын мамандық туралы айтып береді . Дискриптор Бейне жазбаны көреді, түсінеді. Сұраққа еркін жауап береді. Қ.Б смайлик Оқылым, жазылым. Сөздік жұмысы Жауапкершілік, қабілетіне қарай, бейімділігі, сүйену керек, өнертапқыштық, сұраныс, кәсіптілік. Оқушылардың назарларына мәтін ұсынылады. Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтардың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекқор болуы қажет және оның мамандығы өз халқына маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді,қабілетті, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Қабілеттілік-табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы,Біреуге көбірек, біреуге азырақ бұйырады.Ал ұзақ уақыт бойы өз басында ешбір қабілеттілік жоқ деп санап жүрген үшінші біреу кенет өз бойынан ерекше қасиеттерді байқайды. Мысалы:оның өнертапқыштық қабілеті не сурет салуға бейімділігі, не ақындық дарыны бары белгілі болады.Өзі сұраныста және кең тараған мамандықтарға дәрігер, заңгер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, қазіргі ХХІ ғасыр заманында қажетті жаңа мамандықтар бар, бұған менеджер, программист, дизайнер. Сөздер және суреттері бар үлестірме парақ; Аудио файл сияқты мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан қажетті, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға пайдасын тигізетін мамандық таңдау өзіңе байланысты. І. Мәтінмен жұмыс. Мәтін түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Пән араалық байланыс (әдебиет ) Ауызша тіл дамыту жұмысы 1.Еңбек не мамандық туралы мақалдар айтысын өткізейік. Кім мақалдарды көбірек айтса жеңіс соныкі 5-тапсырма Топпен жұмыс: плакатка салып, қорғау. 1-топ. Білікті маман-ұлт болашағы 2-топ. Білімді маман-қоғамға пайдалы маман 3-топ. Білімді ұрпақ- ең мықты маман Дискриптор Сөйлем құрайды. Топтық жұмыс жасайды. Қ.Б. бас бармақ, жұлдызша. Тапсырма: Сиқырлы кестедегі суреттердің жауабын табыңдар? Тапсырма: Оқушыларға нұсқау беріледі, берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады. Ең ақшасы көп — ……… (бухгалтер, экономист). Ең жасыл — ……… (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші). Ең тәтті — …….. (аспазшы, кондитер). Ең күлкілі — ……. (клоун, карикатурашы). Ең жауапты — ……. (сот, бухгалтер). Ең салмақты — …….. (мұғалім, заңгер). Ең қарым — қатынасы күшті — …….. (бизнесмен). 8-тапсырма «Мамандықтар әлемі туралы диалог» — «Иә, бірақ та …». Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптар ойыншылардың біріне болашақта алғысы келетін мамандығын талдап, ойластырады. Бұл жерде ойыншының міндеті өз қалауын негіздеу. Диалог «Иә, бірақ та …» принципі бойынша құрылады. 1-ші «Маған ұнайтын мамандық …., себебі …». 2-ші «Иә, бірақ та …».

Оқушылардың таңдаған мамандығының оған сәйкес келетіндігін аргументті түрде дәлелдей алдыма? Содан соң рөлдермен алмасады. Талдау. Құрылған диалог туралы пікір-талас, өз ойларын, не сезінгендерін жеткізу Тыңдалым тапсырмасы «Сонымен «Миға шабуылы» — ой қозғауын бастайық: Жалпы сұрақтарға жауап беріңдер. Мамандық дегеніміз не? Мамандықты меңгеру үшін не қажет? Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек? Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? Мақалдары оқып танысу, мақалдар туралы оқушылардың өз пікірлерін айтқызу. Ітоп- Мақал –мәтелден антоним,омонимдерді атау. ІІ топ-Мақал-мәтелден зат есімдерді атау. 1Еңбек пен бақыт егіз. 2 Еңбегі аздың — өнбегі аз. 3 Еңбек ширатады, өмір үйретеді. 4 Байлықтың көзі еңбекте. 5 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 6 Еңбекпен тапқан нан тәтті. 7 Еңбек түбі- береке,көптің ісі- мереке. 8 Көз-қорқақ, қол-батыр. Өзіндік  рефлексия сұрақтарына жауап беріңіз.
Сабақ соңы. 5 мин
Жаңа сабақты бекіту (рефлексия). INSERT картасы Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды?
Сабақтан не үйрендім? Нені білдім? Нені білгім келеді? Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта маған не қызықты болды? Сабақта маған не қиын болды?

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды. 2.Оқушылар мамандық таңдау барысын, мамандықтың түрлерін меңгерді. 3.Жүзеге асты. 4.Уақытты тиімді пайдаландым. 5.Деңгейлік тапсырмалар беру.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым- қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Тиімді әдістерді пайдалану.2.Бағалау түрлері

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Жаңартылған оқу барысында төрт дағдыға сүйену. 2.Топқа бірігу

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындал.

 

Шалдарбек Ләззат
№53 Хамза атындағы жом

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.