Home » Жаңалықтар » Мамандығын тапқан мұғалім

Мамандығын тапқан мұғалім

Бүгін, біз жақсының жақсылығын айт жобасы бойынша «қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар» дегенді дәлелдей түсетін аудан байынша 2018 жылдың «үздік педагогы», ұлағатты ұстаз, аяулы ана жайында сөз тарқатпақпыз. Сұхбат барысында байқалған көзіндегі мейірімділік, мамандығына деген жанашырлық, жаңашылдыққа бейімділігі оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуларына септігін тигізері сөзсіз.

Айымкүл Тұрманбекқызы Сейткарімова – 2013 жылы Целиноград ауданы, Талапкер ауылында бой көтерген №3 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. 1977 жылдың  жетінші шілдесінде Торғай облысы, Арқалық қаласы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген Айымкүл Тұрманбекқызы ата-анасының бағыт-бағдары бойынша, оның ішінде дәл осы «тарих пәні» мамандығын таңдағанына еш өкінбейді. Ата-анадан дарыған қасиет болса керек, әкесінің кітап оқуға құмарлығы мен «мұғалім болсаң – мәртебең биік, ақылдылығың мен алға қарай ұмтылысың арта түседі», деген сөздері жанына жалау. Бойында әншілік қасиеті мен он қолынан өнері тамған кесте тоқу, көрпе құрау сынды қабілеті бар кейіпкеріміз, десе де жоғары білімді Ы.Алтынсарин атындағы «Арқалық педагогикалық институтында» тәмәмдады. Он жеті жыл еңбек өтілімі бар Айымкүл Тұрманбекқызының бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен авторлық жазған еңбектерін атап өтсек артық болмас. Жоғарыда айтылған «үздік педагог 2018» аудандық байқауынан  екінші орын иеленсе, Ақмола облысы бойынша байқауға авторлық оқу-әдістемелік кітабын жинақтап жолдаған. Тағы да басқа алғыс хат пен мақтау қағаз, сертификаттарынан бөлек, оқушыларының түрлі байқауларға белсене қатысып жүлделі орынға ие екендерін мақтана айтқан бүгінгі кейіпкеріміз «қазіргі кезде жаңа бағыт бойынша балалардың дамуына, бәсекеге қабілетінің артуына шығармашылық жұмыс пен білімін ұштастырып, баланың бойындағы ерекшелігін пайдалана отырып жеткізе білу керек. Мысалға, мен тарих пәні мұғалімі болғанмен, тарихты жақсыкөріп, балаларға қаншалықты үйретіп, жан-жақты қырынан талқыласам да, ол баланың қабылдауына байланысты. Ал мен  жоғарыда айтқан облыстық байқауға «жалпы адамзаттық құндылықтар» деген тақырыпта өзін-өзі тану пәнімен яғни, өмірмен байланыстырдым. Неге? Себебі, өзін-өзі тану пәні қазіргі кезде  ауқымы кең, философиялық тұжырымдармен сабақтасып бала күнделікті алған білімін өмірде де пайдалана алады. Осы орайда мен интелектуалдық ойындарға, әсіресе қашықтық олимпиадаларға балаларды көптеп қатыстырамын», — деді.

                   Мұстафина Жансая Алибекқызы

«Білім айнасы»,

Астана

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.