Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
«Әнді сүйсең менше сүй» — деп Абай атамыз айтқандай әнді сүйіп тыңдағасын, өнер жолын таңдадым.
Менің мамандығым-музыка жетекшісі. Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес. Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, құмаржандар.
Музыка мен үшін өзінің эмоциялық әсері арқылы адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөль атқарады.
Музыка дегеніміз-сырлы да сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге естуге үйретеміз. Әуен жүрегіңді баурап, жантер бетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты жәй күйге бөленеді. Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күйге бөлейді.
Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың көзіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары.
Мерекелік сценарийлерді құрамын,ойын-сауық бағдарламалардың жасалуына, олардың әзірлеуіне, көрнекі құралдарды, материалды уақтылы әзірлеуші – зормамандық иесімін.
Баланың музыканы тыңдауы, қабылдауы, есте сақтауы, әнді жеке айту, қосылып айту,әннің сөзін дұрыс, анық айту, әні мен сөзі арасындағы байланысын, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, қызығушылығын қалыптастыру- музыка жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне, осы мамандықты бар жандүниесімен меңгере білуінде деп білемін.
Мектепке дейінгі жастағы балалар әрнәрсеге бейім, ересектер не үйретсе сонны қабылдап алады және көп нәрсе күтеді.Үлкендердің айтқанын тез қабылдайды. Олардың жандары сондай нәзік және өте сезімтал болып келеді. Менің өзім осы балалармен жұмыс жасағанда, музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білдім.
Балабақшаға келген балалар сондай нәзік, пәк, таза күйінде келеді. Балалардың үлкен өмірге деген іргетасын біз қалаймыз. Яғни, балалардың болашақта тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне біздің қосар үлесіміз зор.
Баланың ішкі жан дүниесінің бай, ой-өрісінің дамуы, асыл қасиеттерін, қабілетін дамытушы біз — музыка жетекшісі. Мені қуандыратын жағдай балалардың музыка залына ерекше құштарлықпен келуі. Мен оларды көргенде бойымды ерекше қуаныш сезімі кернейді. Кіп-кішкентай балалардың өздері мені көргенде көздерінде қуаныш лебі сезіліп тұрады. Мен балаларды ән тыңдатуға, ән айтқызуға, би қимылдарын үйретуге, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын.
Балалардың жеке басының қасиетін, қабілетін, талантын, шығармашылықпен ұштайтындай етіп ұйымдастырамын. Шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданамын. Біздің міндетіміз балаға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілігін ашып көрсету. Музыка тілін терең түсінген және меңгерген адам кеңпейіл, ақылды, сезімтал өзіне жақын адамдарды, айнала қоршаған ортаны сүйеді, түсінеді, сезінеді деп білемін.
Қортындылай келгенде технологиялармен жұмыс істеуге тырысамын. Балалармен қарым-қатынас орнатамын.
Хасенова Макпал,
«Балауса» бөбекжай бақшасының
музыка жетекшісі