ОҚО Ордабасы ауданына «Жеңіс» елді мекенінде «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасында 2018 жылдың 2 наурызында «Мамандығым-мақтанышым» атты ішінара тәрбиешілер сайысы болып өтті.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің шығармашылық білім деңгейін,кәсіби шеберлігін,біліктілігін арттыру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып кәсіптік құзіреттілігін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу. Баланың жан-жақты қабілетін ашып, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін біліктіде,білімді ,дарынды тәрбиешіні анықтау.
Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды сүйіспеншілік, мейірімділік әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын тәрбиеші, яғни педагог.
Жүргізуші: Әбен Мейіргүл.
Жүргізуші сайысты бастамас бұрын көктемнің алғашқы күнімен,алдағы келе жатқан 8-Наурыз Әйелдер мерекесімен әрбір үйдің шуағымен ұйытқысы болған апайларымызды, әріптестерімізді,бүкіл әйел қауымын құттықтап, сайысты әдемі «Айқаракөз» әнімен ашты.
Алдымен тәрбиешілерге әділ баға беретін төрешілерді сайлап алайық:
- «Жеңіс» ауыл әкімі А.Талдыбаев
2.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Пернебай
- Балабақша меңгерушісі Ж.Жакенова
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1.Таныстыру (3-4минут)
2.Шығармашылық жұмыс (портфолио) (7-10минут)
- Білекті бірді,білімді мыңды жығады (сұрақ-жауап),
Педагогикалық ситуациядан шығу (5 минут)
- Қол өнер (5мин)
- Даналардан шыққан сөз (мақал-мәтелдердің жалғасын табу,мәнін ашу) (5 минут)
6.Жаңа әдіс тәсілдерді қолдану (5-7минут)
Сайысқа 10 тәрбиеші қатысты. Жүргізуші тәрбиешілерді ортаға шақырып қоржыннан нөмірлі асық алдырып, таныстыруларын бастап кетті. Әрбір тәрбиеші өзінің шығармашылық жұмыстарын қорғай отырып өздерінің қаншалықты деңгейде екенін көрсете білді. Арасында 10-15жыл еңбек өтілі бар кәсіби маман,сонымен қатар жас мамандарда болды. «Жас келсе іске» дегендей жаңа ашылған топқа жаңа келген тәрбиешілер әп сәтте өздерінің озық ойлы, ізденісі көп екендігін ісіменде сөзіменде жеткізе білді.
Қашаннан қазыналы халқым менің
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып
Танытып көпшілікке қол өнерін-дей келе тәрбиешілердің қол өнерінде ,әрбір тәрбиеші өзінің ептілігін көрсете білді.
Қазақ халқы сөз қорына көп мән берген. Осындай асыл құндылықтарды әр тәрбиеші бойына сіңіргендігін көрсете отырып, қойылған тест сұрақтарына,ситуациялық сұрақтарға жауап берді.
Жаңа әдіс тәсілде тәрбиешілер триз технологиясымен, мнемотехнологиясына көбірек тоқталды. Арасында біліктілігі шыңдалғандарыда, аздап қателік жібергендеріде болды.
Сол тәрбиешілерден суырылып алға үш тәрбиеші:
І-орын иегері Әбдіқадір Гүлзат Әбдіманапқызы
ІІ-орын иегері Ералиева Асемгүл Мирсейітқызы
ІІІ-орын иегері Медетова Меруерт Қошқарқызы марапатталды.
Иманбай Дина Кенішбайқызы, Байназарова Ұлбала Амангелдіқызы, Көшербаева Нұршат Сапарғалиқызы номинациялармен марапатталды
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Пернебай тәрбиешілерге алдағы уақытта бұданда жоғары деңгейде көріне берулеріне тілек білдіріп сөзін аяқтады.
Икрам Раушан Төребекқызы,
ОҚО, Ордабасы ауданы, Жеңіс елді мекені,
«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы
МКҚК-ның әдікері