Home » Балабақша » Мамандығым мақтанышым

Мамандығым мақтанышым

Мақтанышым сөзі қандай ұғымды білдіреді, жер бетінің тіршілік иесі болған Адам баласына қатысы не, қасиет пе, сезім бе, жоқ әлде бір бірге туылатын мінез шығар. Мақтанышым сөзінің өмірде алар орны қандай, маңызды ма, әлде оншалықты маңызға ие емес пе? Бүгін біз сөз еткелі отырған мамандыққа мақтаныштың қатысы бар ма, екеуін байланыстырып тұрған не нәрсе?

Мақтаныш бұл адам баласының жүрегіне жақын, құлағына жағымды, айтылғанда әуезді естілетін, негізгі сезім деп ойлаймын. Ендеше мен өз өмірімде кімді немесе нені мақтаныш ете аламын. Кәмелет жасқа жетсең, жан-жағыңа қарайсың, оңды-солды тани бастайсың, ақ пен қараны айыра алатын жасыңа жеткенде екі нәрсені жаңылыспай таңдауың керек: біріншісі – өзіңе өмірлік жолдас болса, ал екіншісі – мамандық иесі болу. Өмірлік жолдас, серік саған рухани азық, жаныңдағы тіреуің, ал екіншісі сені материалдық жағынан қамтып отырады.

Мен жас кезімнен сәбилерді жақсы көріп өстім. Сондықтан да болар балабақшада тәрбиешімін. Тәрбиеші болу мен үшін үлкен мәртебе, үлкен мақтаныш. Бұл мамандық мен үшін неге мақтаныш, неге үлкен мәртебеге ие.

Былдырлап сөйлей бастаған кішкене өмір иелерінің сол кездегі тілін айтсаңызшы.

Тәрбие тал бесіктен басталады демекші белі бесіктен енді ғана босаған сәбидің алғаш ақ қағаз бетіне әріп салдым деп шимайлауына, тәрбиелі болып дұрыс жолды таңдай білуіне аз да болса өз үлесімді қосқаныма мақтаныштымын. Кеудемде осындай мақтаныш сезімі барда саңқылдаған дауыспен, жарқын үнмен жар салмасқа.

Аймағамбетова Дина Сериковна

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 тұрғын массиві

МКҚК №9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.