Home » Мақалалар » Мамандығым мақтанышым

Мамандығым мақтанышым

 

Бала тәрбиелеу — адам тәрбиелеу. Не деген болмысы кең, жақсылығы мол игілікті іс еді! Дүниеде адам жанына жақын жүріп, адамды зерттеп, оның ішкі болмысына терең үңіліп, оның жан дүниесіндегі жақсылы-жаманды нәрселерінен хабардар болуының да қажеттілігі зор екендігің маңызды бар-ау!..

Әсіресе адамның бала кезіндегі қалпына зер сала қарап, баламен бала боп жүріп, оның тәрбиелі болуына жол ашу ше? Оһ! Қандай керемет те тамаша игілікті іс десеңші!

Осындай ізгілігі зор саланы меңгеріп, баланың ішкі сезіміне жол табу саналы жан үшін асқан бақыт емес пе?! Бірақ мұны кейбір болмасыз жан иелері сезбейді-ау! Сезбейді емес сезгісі келмейді.

Егер менен біреу тосыннан «Дүниедегі ең ұлы жан кім?» десе,мен ойланбастан «Бала» дер едім. Себебі бала,кішкентай кезіндегі бүлдіршін нағыз ұлық екендігін дәлелдеудің еш қажеттігі бола қоймас. Бүлдіршін қалпындағы бала еркелетсең еміренеді, сәл қаталдық танытсаң жылайды, ойлауы әңгіме қозғасаң өзіңмен бірдей қалыпта жауап беруге ұмтылады.Не деген тамаша болмыс!

Адамның баласы армансыз күн кешпейді. Әсіресе есейген шақтарда көптеген арман жетегінде қиялын самғатып бірде көкке өрлесе, бірде сол ойлардан арыла алмай бар жинағанынан айрылады. Сондай сәттердің бірі меніңде басымнан өткен болатын.Барлық  ойдағы жиған-терген асылдарын бір жерге топтай келе мен тәрбиеші болуды қаладым. Тәрбиеші болу-саналы ғұмырлы өміріміздің ертеңі, көңіліміздің желкені жас ұрпаққа  мейлінше молынан арнау болуға жай ғана айтыла салғанымен бұл өз таңдауың  теріс еместігін көзімді жеткізіп соң тәңірге тәубе айтып, болашақ мамандығымның  мағыналы жұмыс екндігін сезіндім. Басқасын қайдам бірақ маған осы мамандықтан артығы жоқ. Өйткені бала ешкімді алдамайды. Баланы нағыз әулие дерсін.Әулие емі ше?! Не айтсаң соны орындайды, не істесе сол әнгімесін еш өзгермесізекінші адамға айтып береді.Тек бала алдында тәрбиешілік қалып ауытқусыз,алдарқатусыз қалыпта болып, тәрбиеленуші балалардың бүгіл жан дүниесіне адалдық атауын жағып отруы керек. Сонда барып бала ертенгі күндерде, яғни есейген щағында ешкимге еш қиянат жасамай жасампаз қалыпта өнегелі жолмен өнегелейді. Бұл-өнерде дәлелдеген аксиома.

Бала тәрбиесінде кейде өзің бала болып кеткеніңді білмей қаласың.Сәлден кейін барып ес жинағанда мынау қиғаштығы мол пенде дүниеде тұрғаныңды сезінесін де,  «Неге бала боп қалмадым екендеп»деп өкінесің. Бірақ өкінгенмен өмір толқыны ештеңеге қаратпай алға қарай жетелей береді.Сондай сәттерде қайтадан өзім қызмет атқаратын балабақшаға асыға түсемін. Асыға жете отырып, тәрбиеленетін балалардың ортасына тұрып, сол балалармен ғана балармен ғана бақыт таба алатыныңа көз жеткізудіңде өзі өнегеліктің нағыз белгісі деп айтуғада тұрады.

Қазіргі таңда осы саланы жетік меңгеріп ұстазым К.М.Ускенова апайымның арқасында меңгеруші қызметін атқарудамын.

Өз ісін жетік менгерген әріптестеріммен бірге бала тәрбиесін дамыту біздің басты мақсатымыз.

Ия, алып ұшқан арман жетегі осы бір игілікті жұмыс жетегінен ұстатқан екен. Ендеше еш өкінімсіз осы бағытымның биіктеуі жолындағы қаржылы істерді ізгілендіріп, ілгерлей берсін деп көктемнің қос мерекесімен балабақша ұжымын, өмірдегі бағыт берер ұстазым К.М.Ускенова апайымды құттықтап бағындырар белестеріңіз көп болсын демекпін.

 

Ешева Б.,
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
Ж.Ш.С «Гульжан» балабақшасының меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.