Home » Балабақша » Мамандығым –мақтанышым!

Мамандығым –мақтанышым!

Ісің оңсын десең, сол істің маманы бол

      Даңқың шықсын десең, көпшіліктің адамы бол.

Әл-Фараби

 «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі — деп Әл Фараби бабамыз айтқандай, білім берудің негізгі салаларының бірі – тәрбие. Тәрбие – жүйесі қызықты, қиын, өнегелі, бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс»

Тәрбиеші – деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз.  Тәрбиеші мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Тәрбиеші – мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты.

Мен балабақшада 11 жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін, өйткені кішкентай сәбилермен өткен уақытым бақытты кезім деп айта аламын. Балалармен өткізген әр сәтім мені бір ғана әлемге жетелейді. Сондықтанда балалардың уақытын көңілді өткізу үшін таңертең балабақшаға келе жатқанда күннің қызықты өтуі үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қызықты өткізсем деп келе жатамын. Ондағы мақсатым бүлдіршіндерге жақсы көңіл күй сыйлау, жаңа заман талабына сай тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру. Ол үшін тәрбиеші шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу қажет және оқу –тәрбие ісін жаңашыл технологиялармен ұштастыру, тәжірибені байланыстыру, сәбилерді балабақша өміріне енгізу. Ата-аналармен бірлесіп саналы тәрбие беріп қызығушылықтарын арттыру. Әрине тәрбие отбасынан басталатындықтан  және тобым кіші топ болғандықтан ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болып отырамын. Ата-аналарды балабақша өміріне кеңінен араластыру бүгінгі күннің заманауи талаптарының бірі.

Елбасымыз Н .Ә.Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттың рухы дамыған Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» — деген болатын. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру, оның туған кезінен басталады. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен қатар сенімді рөл атқарады. Сәбилер тобында баланың рухани дамуы балабақшамен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын жүзеге аса түспек.

Балабақшадағы балаларды тәрбиелеудегі өз іс-тәжірибем бала мен тәрбиеші арасындағы жетістікке, жаңашылдыққа ұмтылу үшін баламен жақсы қарым-қатынас құру жолдарын зерттеп психолог маманының сараптама диограммасын қолдандым. Осы зерттеу барысында әр түрлі іс-әрекеттерді қолданып ата-аналармен де жақын танысып балалардың алға ашылуы, алға ұмтылуы, жасқаншақты жоюына қолайлы мүмкіндік жасау жолдарын былайша іске асырдым. Мысалы: қараңғы үйде қамалып қалған мысықты құтқару жолдары қарастырылады. Балалар мысықты құтқару үшін үйдің терезесін, есігін, тіпті мұржасын қолдануға болатындығын ойлайды. Осы кезде баланың ойлау қабілеті, фантазиясы, іс-әрекетке шешім қабылдап, оны жүзеге асыру қабілеттері дамиды.

«Күзгі жапырақтар» ойынында жапырақтардың неге қалықтап түсетінін баланың алдына проблема қылып қоя отырып, оның эксперимент жүргізу біліктерін қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабілетін, табиғи құбылыстарды түсіне білуге талпынысын, қызығушылығын және ауызекі сөйлеу қабілеттерін ойын арқылы дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға болады.

Балабақшаға нашар көңіл-күймен келетін балалардың ата-аналарымен алдын ала келісіп, үйдегі жақсы көретін ойыншығын алғызып, сол ойыншық балабақшада танертең тосып алғанда, баланың көңіл-күйі біршама көтеріледі. Басқа балалар да онымен бірге әлгі ойыншықты қызықтап, ойынға кіріседі. Бұл зерттеу барысында балаларды ойната отырып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта олардың ойлау, сөйлеу, сезіну, көру, ізденуге танымдық қабілеттерін дамытуға болатынын түсіндім.

Бала тәрбиесінде асқан шеберлік, қабілет, асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Мен балаларды жақсы көремін. Әр күні олардың күлімдеген жүздерін, істеген қылықтарын көргенде өзің керемет бір әсер аласың. Күні бойы ата-анасынан гөрі көп уақытын өзіңмен өткізетін бала жанын тәрбиеші ғана түсіне алады. Сондықтан да мен айтар едім, бала тазалық пен пәктіктің, шынайылықтың айнасы. Олар жалғандық пен жасампаздықты білмейді. Олар не айтса да шын айтады.

Өз тәжірибемде әр күнгі жұмысым тартымды, әрі қызықты болуы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімді дұрыс ұйымдастыруым керек. Ол үшін баланы қызықтыра білу және өзіңді тыңдата білу, жақсы көңіл күй сыйлау жолдарын ойластырамын.

Кешкісін қайтарда әр ата-анаға бір күнгі қылықтарын айтып беруден жалыққан емеспін, әр баланы мақтап қошеметтеп отыру керектігін ата-аналарға айтып отыру тәрбие жұмысының бір саласы. Осының салдарында өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, үлкендерді құрметтеу, ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттер қалыптасады да мектепке дейінгі жастағы балалар ересектер көмегімен, жақын адамдармен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаумен тәрбие алудың алғашқы тәжірибесіне ие болады.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу. Мұнда жеке қасиетті, қабілеттілігі жеке адамгершілік сапалары анық көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы алдымен оның іс- әрекетінде көрінеді. Мұнда бала өзінің дүниеге деген іс-әрекетін көмек көрсетуге, достарына қамқорлық жасауға, қарапайымдылыққа  ұмтылуын көрсете алады. Іс-әрекет кезінде мысалы: жаңбыр астында қалған қоянға  көмек көрсету. Дайындық кезеңі аяқталғаннан кеіін, оқу іс-әрекет кезінде көмек көрсету, яғни топтасу арқылы жүреді. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде ойындар немесе көмек көрсету тиімді нәтиже береді. Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерді қолдану  балаға жағымды эмоция, жоғары қызығушылдық тудырады. Бұл оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты балаларға жақсы көңіл күй сыйлау, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстнде өзімді балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс-әрекетіне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:

Баланың жас ерекшелігін ескеру

Қызығушылықтарына сүйену

Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін жағдай туғызу.

Сәбилер тобы болғандықтан ойнау барысында ақыл-ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие даму процесі қатар жүреді. Бала осы дәрежеде тәрбие алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің дағдыларын игеруге бейімделеді.

Қорыта келе, тәрбиеші өз мамандығын сүйетін, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, қабілетті болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын адамгершілігі мол, білімді, бала жүрегіне жол таба білу — тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Бала тәрбиесі жолында талмай қызмет етіп келемін, әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Бала біздің өміріміздің жалғасы.

 

Жылқыжиярова Кулатай Торымханқызы,
Өскемен қаласындағы
Мдм «Азамат» балабақша- бөбекжайының
тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.