Home » Балабақша » Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

Ұстаз- бүлдіршіндерді ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуші. Бұл тұрғыда тәрбиеші мен тәлім алушыны байланыстыратын, балабақшаның алатын орны айрықша. Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, үлкен ізденіспен терең білімге бойлауға жол ашатын, оқушы өмірінің алғашқы баспалдағы – балабақша. Бастауыш саты –баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі берілетін тәрбиеде жүзеге асады. Бүлдіршіннің рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетін шыңдайтын, жалпы мүмкіндіктерінің ашылатын кезеңі осы. Балабақшаның негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту арқылы ынтасын ояту болып табылады. Ал, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал Чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» — деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.

Ұстаз деген құрметті атқа ие болу үлкен бақыт.Әрбір ұлылықтың басында ұстаз тұрғаны айдан анық.Таразы басын тең ұстап біліммен тәрбиені қатар алып жүрген ардақты мамандарға дән риза болатындар да баршылық.Ел-жұрттан құрмет көріп, қошеметіне бөлену кез-келген педагогқа ерік-жігер сыйлайтыны сөзсіз.

Бүгінгі жас жеткіншек-ертеңгі жарқын келешек.Олар елдің тірегі.Біз ұстаздар, ел тірегінің іргетасын қалай алатындай біліммен сусындауы үшін барымызды салудамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтпақшы білімге бастар жолдың бәрі біз үшін тек игі іс іспестес.
Шәкіртке өмірдің мәнін түсіндіріп қана қоймай, өмірге сүйіспеншілігін арттыратын қайратты сөздерінің арқасында үлгілі боп отырмыз. Себебі әрбір ұстаз үшін, шәкіртінің ыстық ықыласынан артық мәртебе жоқ.Ендігі біздің мақсатымыз, дарындыларды тәрбиелеп, жан — жақты дамыту болмақ. Ендеше, ертеңіміз жарқын болсын!

 

Иманкулова Жазира Абдешовна
Алматы қаласы, № 97 балабақша
2-санатты тәрбиеші

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.