Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр- мұғалімдікі
(Мағжан Жұмабаев)
Кез-келген адам мұғалімдік жолды таңдағанымен, ұстаз болып кете алмайды. Бірақ мен ұстаз бола білдім. Өз қанатымның астында тәлім-тәрбие алған шәкірттерімнің бүгінде беделді азаматтарға айналып отырғаны осыған дәлел. Шәкірттің санасына ізгілікті ұғындырып, жүрегіне шапағат төгіп білім көкжиегінде барынша бағыт –бағдар бердім. Өз жұмысыма адал болуды ғана алдыма мақсат етіп қойдым. Бүгінгі күні артта қалған арман жылдардың әдемі естелікке айналғаны қуантады. Ұстаз- адамдардың таным-түсінігін, дүниетанымын кеңейтуге себепкер тұлға.
«Жақсы мұғалім, жақсы шәкірт тәрбиелесе ғана, шын ұстаз бола алады» -дейді ғалымдар.Иә, ұстаздық білім, оқушының зейінін ашатындай болуы керек. Мен үшін алдымда отырған әрбір шәкірт- маған берілген аманат тәрізді. Оларды таудай болып шығару үшін аянбай еңбек етуді парызым деп білемін.
Сонымен қатар, ұстаз –өз ісіне шебер маман.Тұла бойына қаталдықпен қатар жұмсақтықты сіңірген сөзге шешен тапқыр болып келетіні тағы бар. Бәлкім баланың бақыты-ұстазында деп бекер айтпаса керек.Елдің тұтқасы, жастарымыздың жанары жанып тұрса,тәуелсіздігіміздің де тұғыры терең болатыны сөзсіз.
Сапалы білім беру- әрбір мұғалімнің міндеті. Заманымыздың дамуы, жаңа технология бұл жағынан тың өзгеріс әкеліп жатқаны аян. Бір жағынан көзіміз ашылып, бұның арқасында білім көкжиегіміз кеңейді.
Ұстаз — жас жеткіншектерді ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуші.Бұл тұрғыда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын, мектептің алатын орны айрықша. Бүгінгі жас жеткіншек-ертеңгі жарқын келешек екенін естен шығармайық. Олар елдің тірегі. Біз ұстаздар,ел тірегінің іргетасын қалай алатындай біліммен сусындауы үшін барымызды салудамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деп Абай атамыз айтпақшы білімге бастар жолдың бәрі біз үшін тек игі іс болып қалады.
Тазабекова Нұржамила,
Алматы қаласы Алмалы ауданы,
М.Әуезов атындағы № 128 ЖББМ