Мен бүгін Ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, Өмірімнің мәніне айналған, Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам… Мынау менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай, еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы… Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Мен тәрбиешімін… Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көр-меген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар… Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңы-раулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына да қарамай, табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәр-биеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жү-зіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтиже-сі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдір-шін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса, міне нәтиже. Мен балаларды жанымдай жақсы көремін… Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жа-сандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлді-реген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы… Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, ар-маншыл… Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелер-ді үлкен өмірге, қалтарыс-бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырыл-майтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне кө-ңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер си-рек… Оның себебі – сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай. Мен балабақшада оныншы жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олар-дың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай бо-лады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқай-мын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін… Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ой-ларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл-күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс-әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.. Әрине әрбір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, да-йындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тыл-сымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шы-ғуы, әрине өзіме байланысты. Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, ба-лаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде қандай бі-лім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәр-биешінің бала назарын еріксіз оқу іс-әрекетіне аударту, баламен оқу іс-әрекеті үстіндегі әрбір қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне бай-ланысты екеніне көзім жетіп жүр. Ал мерекелік іс-шараларда «Арыстан мен тышқан», «Қызыл телпек», «Маша мен аю» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін, бірде Арыстан, бірде аю, бірде сайқымазаққа айналғанда ба-лапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына енді-ру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Ме-нің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беру-ші, жол сілтеуші ретінде сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арт-тырып, ұйымдастырылған оқу қызметіне деген тұрақты зейінін қалыптас-тыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-анасымен, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын.
Кез келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын, бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалай-
ды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме се-немін. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екенді-гін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Бала-бақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз – тәрбиешілер түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дә-рігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшы-ларды – нақтылыққа тәрбиелеу, барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәр-биешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Оған мысал, көктемде ғана қимас-тықпен мектепке дейінгі даярлық тобын шығарып салған тәрбиеленушіле-рім. Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін. Сол кезде балабақшадағы қызықты қылықтары, бұзықтықтары есі-ме түседі. Бірін ұмытпайды екенсің… «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықта-рының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек, бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр бере-тін мамандық екендігін естен шығармайық. Қазіргі уақытта заман дамып, өмірімізге еніп, күн сайын қарқындап дамып жатқан технологиялардың көшіне ілесіп келе жатырмыз. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі тәрбиешінің санатына жатамын деп ойлаймын. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жү-ретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ға-на ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» М.Шаханов.
Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Олар өзгенің балала-ры болса да, өз балаларымнан да артық көремін. Көп жыл өтіпті, сол бір са-ра жол бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Әлі де қызмет етемін, бала-мен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Бала біздің өміріміздің жалғасы. Өзім де үш бала тәрбиелеп отырған анамын. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші – өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең ойлы болуы тиіс.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге ар-тылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау менің парызым деп біле-
мін. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы керек» дейді ғұлама А.Құнанбаев. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш уақытта естен шығармаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын бола-шаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсе-кеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Астана қаласы №36 «Балапан» балабақшасының І ші санатты тәрбиешісі
Тайжуманова Әсем Қабылдақызы