Home » Жаңалықтар » Май ауданының жас әншілері жүлделі оралды

Май ауданының жас әншілері жүлделі оралды

22-27 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өткен І Республикалық «Ән салсаң Әсеттей сал…» атты халқымыздың дара перзенті, айтыскер ақын, композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған конкурсына Май ауданының Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары Құмыролла Құрманғазы, Серіққали Бекзат, Каиржанов Адиль жүлделі  орындарды  жеңіп алды.

Сайыс қорытындысы аспаптық музыка (домбыра) номинациясында  жоғары топ бойынша Құмыролла Құрманғазы ІІ орынға, кіші топ бойынша Каиржанов Адиль ІІ орынға ие болса, Серіққали Бекзат конкурстың бас жүлдесін жеңіп алды, ұстаздары Т. Сайырхан, К.С. Насырова, Б.М. Сатиев.

Жүлдегер оқушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды, ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.