Home » Мақалалар » Мазмұны сапалы семинар-тренинг

Мазмұны сапалы семинар-тренинг

Өзінің де,өзгенің де қамын ойлап жүретін жандардың ісіне тағы да куә болдық. Бұл күн 2018 жылдың 23-ақпаны. Мектебімізге республикалық «Білім айнасы» газетінің қызметкері келіп,семинар-тренинг өткізеді екен деген жаңалық тарады. Жақсы жаңалыққа жаны құмар жандардың барлығы семинар-тренингке жиналды. Барлығының ойында, «Бүгінгі семинар-тренингте қандай маңызды дүниемен танысады екенбіз?» деген ой тұрғаны анық байқалады.
Семинар-тренингті «Білім айнасы» газетінің қызметкері Бекмаханова Ботагөз өткізді. Мұғалімдерді алдымен  «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Амантайұлымен  және ол кісінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан көптеген жұмыстармен таныстырды.Семинар-тренинг басталысымен Ботагөз Маратқызы мұғалімдерді топтарға бөлді.Топтарға берілген тапсырмалардан мұғалімдер мақала, оның түрлері, міндеттері, құрылымы, тақырыпқа байланысты мақаламен бірге суреттің жіберілуі, мақала жазу туралы мәліметтер алды. Мұғалімдер аса қызығушылықпен қатысып, өздерінің жан-жақты екендіктерін көрсетті.
Алған жаңалығым тиімді, пайдалы, өз шығармашылық, ізденісі мол жұмыс жолымда қолданатындығыма сенімді болып отырдым.
Семинардың қызықты өтуіне өз үлесін қосқан тағы бір адам ол, әрине, Ботагөз Маратқызы. Өзінің сыртқы келбетімен, сөйлеу мәнерімен мұғалім қауымын баурап алды. Семинар соңында мектеп мұғалімдері Ботагөз Маратқызымен семинардың тиімділігі жөніндегі ойларымен  бөлісті және  «Білім айнасы» газеті редакциясымен тығыз байланыста болатындықтарын айта отыры, газет ұжымына және Ботагөз Маратқызының ізденіс жолына сәттілік, толағай табыс тіледі.

 

Оңайсынова Әлия Мырзашқызы,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.