Home » Жаңалықтар » МАЗМҰНЫ МӘНДІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МАЗМҰНЫ МӘНДІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16 ақпан күні Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінде жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының өкілдері «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлымен кездесті. Кездесу аясында мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген азаматы Зауытбек Қауысбекұлы жақында жарияланған Елбасы Жолдауы бойынша өз пікірімен бөлісіп, әр басымдыққа жеке тоқталды. Партия хатшысы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі туралы айта келе, «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асырудағы жастар рөлінің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде мектеп директоры Арсен Байтуков мектеп қауымдастығы атынан Зауытбек Қауысбекұлына мәнді әрі қызықты өткен кездесу үшін алғысын айтып, білім мекемелеріне және жастарға қойылған мақсат пен үміттерді ақтауға тырысамыз деп уәде берді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.